close

You are here

Жыныстық қатынас (секс) жайында не білуім керек?

Негізгі үш қағиданы ұдайы жадыңызда сақтаңыз: секс келісім арқылы болуы тиіс, секс қауіпсіз және таза болуы тиіс.

Практикалық кеңестерге көшпес бұрын, жыныстық қатынас туралы жалпылама бірер сөз айтып кетуіміз қажет. Өкінішке орай, Қазақстандық қоғамда жыныстық қатынас ашық талқыланбайды. Нәтижесінде, секстің айналасында көптеген қорқыныштар мен мифтер туындай бастайды. Біздің редакция сексте ешқандай ағаттық жоқ екендігіне сенімді. Егер сізге секс ұнаса керемет, ұнамаса, ол да жаман емес. Егер сізге секстің барлық түрі ұнап, тек аналды сексті қаламасаңыз, онда тұрған ештеңе жоқ. Сіз сексте тек сүйісу, жанасу және құшақтасуды ғана қалап, тек содан ләззат алсаңыз, ол да дұрыс. Өмірдің кез келген саласы секілді, сексте де қатып қалған стандарттар жоқ. Мінсіз секс тек порнофильмдерде ғана болады, оның өзінде актерлар ондаған дубльдардың нәтижесінде ғана сол мінсіздікке қол жеткізеді. Мінсіз секс – мақсат емес. Ең бастысы сіз бен сіздің сүйгеніңіз жыныстық қатынастан ләззат ала білуі керек.

Активтер мен пассивтер.  Гейлерді көбіне дәл осылай бөледі, арасында универсалдарды да еске алып қояды. Бұлай жара бөлу өте де дұрыс нәрсе емес. “Таза активтер” мен “таза пассивтер” тек сіздің өз басыңызда қалыптасқан психологиялық иллюзия ғана. Гомосексуалдылық норма деп қабылданған мемлекеттерде “таза” активтер мен пассивтерді өте сирек кездестіресіз. Оның үстіне, өкінішке орай, көптеген пост-советтік елдерде советтік түрмелер мен концентрациялық лагерьлерден келген “по понятиям” өмір сүру қағидасы қалыптасып қалған. Бұл қағидалар бойынша түрмеде зорланған еркек өзінің адамдық құқықтарынан айрылып, айналасында күлкіге айналады, оны адам деп көру былай тұрсын, тіпті ол ұстаған заттарға қол тигізуден жерінген. Бұл түсініктердің қоғам өміріне өтіп кетуі өте өкінішті жағдай. Осының салдарынан, көптеген пассивті гейлерді құрметтемеу, оларды келемеж ету кең таралып кеткен. Тіпті екі жақты сүйіспеншіліктің негізінде құрылған қарым-қатынастарда да активтер өздерін пассивтерден жоғары ұстап, басым болғылары келеді. Бұл жағдайда келесіні естен шығармаған абзал: сіз ұзақ бірге болсаңыз да, немесе тек бір түнге ғана жақындассаңыздар да, бір-біріңізге құрметпен қарау кез келген қарым-қатынастың негізі болуы тиіс.

Қауіпсіздік. Секстің жағымсыз салдарынан максималды түрде қорғану үшін, біздің редакция келесі қағидаларды ұстануға кеңес береді:

  1. Секс таза болуы керек. Кей жағдайларда, әсіресе егер аналды секспен айналысу жоспарыңызда болса, жай ғана душта шайыну жеткіліксіз болуы мүмкін. Аналды секстің алдында тазартатын клизма жасаған абзал. Бұл үшін дәретхана мен жуынатын бөлменің бірге болғаны ерекше ыңғайлы.
  2. Секс қауіпсіз болуы керек. Бұл ретте, әлбетте, презервативтерді қолдану сөз болады. Кей адамдар “презервативсіз көбірек ләззат аласың” деп сылтауратып, презерватив киюден бас тартуы мүмкін. Алайда, АИТВ (ВИЧ) немесе тіпті ЖИТС (СПИД) секілді аурулардың қаупі кез келген сылтауды ұмытуды талап етеді. Идеалды жағдайда презерватив оральды секс кезінде де қолданылуы тиіс, себебі кейбір аурулар осы жолмен де тарауы мүмкін. Секс кезінде ауырсынуды барынша азайту үшін судың негізінде жасалған лубриканттарды (майларды) қолданған жөн. Презервативті тіпті ұзақ уақыт бойы моногамды қатынастарда болғандар да қолданғаны абзал. Себебі, тік ішек көптеген бактериялар мен микроағзалардың жинақталатын жері, бұл өз кезегінде активті серігіңіздің ауру жұқтырып алуына алып келуі мүмкін. Тегін презервативтер мен лубриканттарды гей клубтардан, ЖИТС орталықтарынан табуға болады. Тегін презервативтерді алудан қысылмаңыздар. Олар сіздер үшін сатып алынған.
  3. Секстен кейін келесі қауіпсіздік шараларын қолға алуды ұсынамыз. Екеуіңізге де Хлоргекседин ерітіндісімен ауыз қуысын шаю керек. Себебі, оральді секстен кейін ауыз қуысында зиянды бактериялар қалып коюы мүмкін. Аналды секстен кейін қабылдаған адам өз анусына Мирамистин секілді антисептик енгізгені абзал.

    Аналды секске қалай дайындалуын келесі сайтта оқып білуге болады