close

You are here

23 May 20175035

Гейлер депутат Алдан Смайылды жақсы көреді

Депутат Алдан Смайыл – Қазақстан гейлеріне ерекше тұлға ретінде таныс. Ол басқа шенеуніктерден бөлек, ЛГБТ қауымының өміріне үлкен мән беріп, оған қоса, өзге гейлерге бейтаныс мәліметке ие секілді. 

Депутаттың 2013 жылы айтқан сөзіне сүйенсек, Алматыда 20, ал Астанада 4 гей–клуб жұмыс істеуде. Бұл сандар қайдан шыққан деген сұраққа жауап табу оңай емес. Бұл  мәлімет рас болса, депутат мырзаға осы клубтардың мекен–жайын жария ету туралы сұраныс жіберер едім. Әлде, Алматының түнгі өмірі шынымен де мені жанап өтуде деген ойға келу алыс емес. Мүмкін, информатор кісі жолаған  клубтардың тек жиырмасында ғана кездескен сүйкімді баладан бір «френч кисс» сұрап алуға болатын ба еді? Дегенмен, депутат мырза біреудің айтқан сөзіне сене салды деген ой шындыққа көбірек жанасады.

Тағы бір сансыз сұрақ тудыратын жайт: «Қазақстан гейлерінің санағы» жүргізілуі. Бұл санақ қайда, қашан және қалай жүргізілді? Өз басым «осы адам гей» деп айтып, сөзіме жауап бере алатындай тұлғалар саны – 25. Немесе, соның шамасында. Бірақ маңыздысы ол емес, маңыздысы – Алдан Смайыл мырзаның жинаған 240 мың адамы қайдан шыққаны. Өзгені гей деп табудың мен үшін бір ғана жолы бар: оны іс мәнінде дәлелдеу. Депутат мырза менің әдісімді қолданды дегенді ойлайтын болсақ, бүл кісіге деген құрмет ұлғайа түсетін секілді. (Редакция мәліметі бойынша Қазақстандағы гейлер саны 1,5 млн-нан асып түседі)

Осындай істен кейін, бізді қылмыскер етіп көрсететін заңнаманы қайтарғыныз келетіні жанымды ауыртады. Эх, Алдан Зейноллаұлы, саясаткерлік абыройыңызды көтерген «гей–темаға» алғысыңыз осы ма?

депутат Алдан Смайыл
депутат Алдан Смайыл

Қадірлі оқырман, «Өткен өкпені еске алып не пайда?» деген философиялық сұрақ сіздің ойынызды да паналаған болар. Алайда, бұған да менің жауабым бар. Алдымен, шаш алам деп, бас шабатын батырларымызды біле жүрген абзал - өкінішке орай бұдан бұрын өз ойымды айта алатындай осындай сайт болмаған.  Екіншіден, Алдан Смайыл мырзаның бастамаларын етене бақылаған дұрыс.

Бір кездері депутат мырзаның бастамасымен «Балаларды денсаулық пен дамуға зиян әсер етенін мәліметтен қорғау туралы» жобасы пайда болған еді. Негізінен бұл жоба – Ресей Федерациясында 2013 жылы қабылданған «гей–пропаганда» жөніндегі заңнаманың тума егізі десе болады. Заңнама мәтініне сүйенсек, «дәстүрлі емес жыныстық көзқарасты насихаттайтын мәліметті» заңсыз деп танылуы керек еді. Әттең, Алдан Смайыл мырза заңнаманы ұсынуға сәтсіз уақытты таңдады. Жобаның ұсынылған мерзімі Қысқы Олимпиаданың Қазақстанда өткізілуі шешіліп жатқан уақытпен дәлме–дәл келген еді. Сол кезде жоба Олимпиада чемпиондары мен спорттық ұйымдардың гомофобты заң қабылданса, бойкот жариялау мүмкіндігінен қабылданбаған еді. Жобаны Конституциялық Кеңестің қаралуына жіберген соң, жоба Конституция ұстанымдарына қайшы екендігі жарияланды.

Міне – екі жыл өткен соң, заңнама қайтадан ұсынылып жатыр. Жаңа мәтінді зерттеп көрсек, әзірге «дәстүрлі емес жыныстық көзқарас» туралы еш ой келтірілмеген. Әзірге. Не дегенмен, бұл жобаны бастаған ескі танысымыз Алдан Смайылдың айтқысы келгені: «дәстүрлі емес жыныстық көзқарас» туралы мәлімет – балалар мен жасөспірімдерге зиян алып келетін басты нәрсе. Бұл кісі қазіргі уақытта зейнетке шығып кетсе де, гомосексуалдылықты қылмыс еткісі келетін заңнаманың зейнетке шығар уақыты келмеген сияқты. Гомофобтықтың сауыт–сайманын «жұмысқа қабілетті» етіп ұстап отырған халық жанашырларының бірі – Бекболат Тілеухан ағамыз. Адал қызметтің қалай жүріп жатқанын мында білуге болады.

Қорыта келгенде, Алдан Смайыл – алғыс айтуға тұрарлық депутат. Не дегенмен, жалғыз сіздің көмегінің БАҚ қауымына Қазақстан гомосексуалдарын бір сәтке болса да ұмытуға мүмкіндік бермеуде. Жай гейлерде республикалық деңгейдегі арналар мен газеттерге жетер қолы жок, алайда, сіздің арқаңызда Қазақстан және бүкіл халықаралық арена еліміздің жоғары гомофобтық атмосферасымен таныс. Рахмет сізге, Алеке!

Пікірлер