close

You are here

01 January 20222693

Ал біз билей жөнелдік

Бұл мәтіндер Patreon қауымдастығының жинаған ақшасының көмегімен аударылған. Егер қазақ тіліндегі мәтіндердің көбірек болғанын қаласаңыз, бізге Patreon-да қолдау көрсетіңіз.

Оригинал текста на русском

Мен грузин биін «Ал біз биледік» фильмінде көрсетілгеніндей көрген емеспін.  Мен Грузияда бір-ақ рет болып, олелді құлай сүйдім, алайда, грузин биі маған жаға қоймады.  Мен оны шын өмірде де, жазбаларда да көргенде ұнатқан емеспін.  Бидің энергетикасы маған тым жат сезінді ме екен, білкім. Бірақ бұл фильмдегі би - басқа әңгіме…

Дегенмен, ретімен айтайын

 Түбі Грузиядан шыққан, швед режиссері Леван Акин түсірген «And Then We Danced» фильмінің премьерасы бүкіл әлемге күркіреп тұр.  Фильм Ұлттық грузин ансамблінің екі бишісінің махаббаты жайлы баяндайды.  Әрине, неше түрлі гомофобтың бәрі қатты ашулануда, себебі, фильм жасаушылары қасиетті грузин биіне қол тигізді-мыс.

Біз бидің қасиетті екенін аға буын бишілерінің биді сипаттаған сөз тіркестерінен көре аламыз.  Олардың би туралы сөздері, сөйлеу формулалары - өткен дәуір ұрандары.  Олар би туралы, рух туралы және ер адамның қандай болуы керектігі жайлы сөз қозғайды.  Басты кейіпкер негізгі құрамға кіріп, керемет мансапқа жету үшін, ереже бойынша билеуге тырысады. Алайда, ол сәтсіздікке ұшырайды: биді де, рухты да, еркектікті де көрсете алмады.  Оған қоса, топқа жаңа биші де қосылады.

Дегенмен, мен спойлерлерді осымен доғарайын, оларды басқа жерден оқып-біліңіз.

Фильмде сізге бұл елдегі өмір шындығын меңзейтін көптеген Грузияға ғана тән жасырын сілтемелер бар. Осы құпиялардан көз жазып қалмау үшін «Открытые» авторы Мария Лацинскаяның «Грязные танцы по-грузински» мақаласын оқыңыз.  Сонымен қатар, мақаланы фильмді көрмей тұрып оқуға кеңес беремін, себебі сонда сіз фильмді көргенде, фильм сюжеті бойынша шашыраған символдар мен белгілерді танып,  ешнәрсені жіберіп алмайсыз.

Тану қуанышы

 Бұл фильмді қарай отырып сіз Грузияны ғана емес, өзіңізді де тани аласыз.  Кем дегенде, мен осындай құбылысты басымнан кешірдім.

 Өзімді-өзім қабылдау кезеңінің басында - яғни жасым 25-те болған кезде - мен ЛГБТ және куир контентті көп  мөлшерде тұтынатынмын.  Торренттен таба алған барлық фильмдер мен сериалдарды жүктеп алатынмын.  Менің өзімнің кім екенімді түсінуім керек еді. 25 жасқа келгенше, мен   жаман-жақсы, гетеросексуалдылар қатарында жүріп, «басқалармен қатарлас» өмірден үмітімді үзбедім.  Бірақ кенеттен өзімнің гей екеніме көзім жетті.

Бас кейіпкер - Мерабтың әңгімесінен осыған ұқсастықтарды байқадым. Оларды байқап, Мерабтың бейнесінен мен өзімді таныдым.  Ал өзімді басқадан танумаған әдеттегі Батыстық фильмдерде, кітаптарда, әндерде және басқа да мәдени өнімдерде жетіспеуші еді.  Фильмді швед режиссері түсіргеніне қарамастан, Германиялармен салыстырсақ, Қазақстанға Грузия мәдениеті жақынырақ келеді.  Бәлкім, ол гений шығар.

Иә, фильмде Мерабтың өмірі шындыққа келмейтіндейй тез өзгередіі, бірақ бұл кино емес пе: ол шынайы махаббаттың  шексіз қуанышын, автобустағы бейтаныс геймен алмасқан жолдастық  күлкіні, Тбилисидің түнгі өмірінің жүрекжарды көрінісін  бейнелейді.  Монтаждаушы фильмнен қорқыныш пен жасқануды і қиып тастағандай. Сіз оларды фильмде көре алмасаңыз да, шын өмірде оларды көруден мезі болмадыңыз ба?!

Түс пен жарық, дыбыс пен би

 Фильмде сценарий, актерлер мен режиссерден басқа да керемет дүниелер бар.  Біріншіден,  ол операторлық жұмыс.  Ескі Тбилиси пәтерлерінің лабиринттерін аралап жүрген камераның алыстан алынған кадрлері;  қараңғы бақта жоқ жерден пайда болатын немесе қараңғы жаңбырлы күні көзге түсетін сиқырлы жарық;  жақыннан алынған түсірілімдер - мұның барлығы бұл фильмде сезім мен эмоциялардың, яғни, кейіпкерлердің интерьерлері немесе киімдеріндегі жарқын түстік акценттерлеріндей күшті эмоциялар бейнеленгенін меңзейді,

Екіншісі - дыбыс.  Фильм аяқталған кезде,мен фильмдегі барлық саундтректерді өз плейлистіме қосқым келетінін түсіндім.  Мұндай сезімімді мен бұрын дейін тек Алматы Артишок театрының спектакльдерінде басымнан кешірген едім.  Фильмді дұрыс музыканың не екенін, оның фильмді қалай жақсарта алатынын немесе, дұрыс таңдалмаған жағдайда тіпті ең керемет деген идеяны қалай бұза алатынын түсінетін  адамдар түсіргені анық.

Және ақырында, әрине, би.Мен Грузияда бір рет қана болып, осы елге ғашық болсам да, грузин биі маған жаға қоймады.  Мен оны шын өмірде де, жазбаларда да көргенде ұнатқан емеспін.  Бидің энергетикасы маған тым жат сезінді ме екен, білкім.. Нақтырақ айтсам, мен бұл биде тіршілікті, өмірд сезіне алмадым. Менің бар көргенім техника, құр стандартқа сәйкестенген жасанды  эмоциялар, шиеленіс үшін шиеленісу.  Мерабтың та бұл биге ансамбльге жаңа биші келгенге дейін, Мерабтың жанында шынайы махаббат ұшқыны жанғанға дейін, ол өзін қабылдап, өз мүмкіндігінше  өмір сүріп, билей бастағанға дейін сезімі болмаған сияқты.  і.

Post scriptum: Мен кинодан үйге келе жаттым, ал менің басымда фильмдегі музыка ойнап тұрды.  Бір мезетте ондаған композиция, бірақ какофониясыз, жоғары жиілікпен құбылып ойнағандай.  Бұл жиілік жігерлі грузин биімен ырғақтас еді, мен бұл ырғаққа қарсы тұра алмадым.  Алғашында метрода да, көшеде де айналамдағы адамдардан да ұялдым.  Ақырында, музыка ұялуды жеңді.  Ал мен билей жөнелдім.

Пікірлер

Log in or register to post comments

Или войти через: