close

You are here

07 December 20211330

Каминг-аут толқын сияқты

Бұл мәтіндер Patreon қауымдастығының жинаған ақшасының көмегімен аударылған. Егер қазақ тіліндегі мәтіндердің көбірек болғанын қаласаңыз, бізге Patreon-да қолдау көрсетіңіз.

Оригинал текста на русском

Біз экзистенциалды қорқынышпен балалық шақта, өлім туралы білгеннен кейін, ата-әжелеріміз бен сүйікті үй жануарларымыздың өмірден өткен кездерінде танысамыз.  Бір жазушының естелігінде, бала кезінде құлаған жапырақтарды көріп, дүниедегі барлық нәрсенің шекті және өлімші екенін түсініп жылағаны туралы да әңгіме бар.  Сол кезден бастап біз өмірдің мәнін іздей бастаймыз.

Соңғы бірнеше ай бойы мен өлім қорқынышы туралы, яғни кейбір психологтардың айтуы бойынша, сана мен бейсаналықтың қиылысында тұрған адам өміріндегі басты қорқыныш жайлы ойланып жүрмін .  Өлімнен кейін денемізбен бірге миымыз,олармен бірге біздің санамыз бен тұлғамыз да ыдырайды.  Олай болса, ақырында өлетін болсақ, неліктен біз қоғам мен қалаларды қалап, оқып, жұмыс істеп, жақсы өмір сүруге ұмтыламыз?  Өлім туралы ой бізді азапқа түсіреді.  Ал әлем діндері рухтың өлместігінесенім арқылы өлім қорқынышын басуғатырысады.

Американдық жазушы, психиатр Ирвин Яломның,, «Күнге қарай отырып» атты тамаша кітабы бар, ол осы өлім қорқынышын дәлелдеуге және оны күнделікті әрекеттеріміз бен мотивтерімізде жағымсыз бейне ретінде көрсетуге тырысты.  Бұл кітапты оқи отырып, төрт жыл бойы қатерлі ісікпен күресіп, қайтыс болған анам Ялом ұсынған оймен өзін жұбата алатын еді деген ойға келдім.

Менің айтып отырғаным - толқындық әсер жайлы ой, менің өмірімде ол досымның камиң-аутымен байланысты, мен сол жайлы сөз қозғамамақшымын

Ялом сипаттаған толқындық әсер қарапайым.Біздің әрекеттеріміз басқа адамдардың өмірінде көрініс тауып, оларға өз әсерін тигізеді.Бір адамдар арқылы олар басқа адамдарға, ал олар арқылы үшінші адамдарға, кейде тіптен басқа ұрпақтарға әсер етеді. Бұл әрекеттер басқа да толқындар тудыратын толқындар іспеттес. Басқа сөзбен айтқанда, біз өлімші болсақ та, біздің әрекеттеріміз мәңгі.

Осыдан бірнеше жыл бұрын Әмір Шәйкежановтың камиң-аут жайлы сұхбатын оқыған едім.  Сол күні мен Facebook желісінде Әмірге мен де гомосексуалды екенімді хабарлап, бейтаныс қыздың осындай жеке хабарламалары үшін кешірім сұрап, абдырап, қобалжып хабарлама жаздым.  Неге бұлай істегенімді өзім де білмедім.  Мен жалғыз емес екенімді сезінгім келді.  Жауапқа мен оның пәтеріндегі кешке шақыру алдым.  Содан кейін бұл кештер мен үшін өте маңызды бола бастады, мен ол жерде мені қандай болсам да қабылдайтын адамдарды кездестірдім. Ол кезде мен өзімді қабылдамағанымды мойындау керек, ол кезде жасым 27-де болатын. Жиырма жастағы адамдарға қызғанышпен қарап, «қалыпты болуға тырысамын» деп өткен жастық шағымды іштей жоқтадым.  Бұрынғы өз-өзіме қол жұмсау әрекеттері мен өзімді жек көргенім  туралы ойлап,қатты қайғырдым.

Әмірдің камиң-ауты менің ғана емес, отбасымның, достарымның, әріптестерімнің өмірін өзгертті.  Соңғы бірнеше жыл бойы мен Алматыда, достарым мен одақтастарымның қауіпсіз ортасында тұрып жатырмын.  Бірақ мен каминг-аут жасай отырып, оның менің айналама әсер ете отырып, Алматының шетінде, досымды алдап, тонап, қыста күртесіз, телефонсыз, ақшасыз қалдырған гопниктерге әсер ете алатынына үміттене аламын ба? Достары мен одақтастарының қауіпсіз ортасына бөленбеген қазақстандық ЛГБТ өкілдеріне оның әсері болады ма?  Менің толқыным Түркіменстанға, қоғамда өзгеріс болар деген үмітпен гомосексуалдығын ашық мойындап, полиция бөлімінде хабарсыз кеткен жас кардиолог-дәрігер Қасымберды Гараевке, жетеді ме?  Ал Шешенстанға, аты да беймәлім  отандастарының қолынан қаза тапқанлесбияндарға,  ше?

Менің тағы бір сүйікті авторым, Аушвицтен аман қалған психиатр Виктор Франкл өзінің "Концлагерьдегі психиатр" атты өмірбаяндық кітабының соңғы беттерінде, өмірдің мәні - өмір үрдісіндеде деген тұжырым жасайды.  Себебі, өкінішке орай, өлімнен кейін жақсы өмір сүруге еш кепілдік жоқ.  Ал мен баршамызға жалғыз ғана қысқа ғұмырларымызды еш жасырынбай, қорықпай, жақсы өткізуімізге тілектеспін.

Пікірлер

Log in or register to post comments

Или войти через: