close

You are here

08 October 20211395

ДҰРЫС ЛГБТ ЛЕКСИКАСЫ МЕН ТҮСІНІКТЕМЕСІ

Бұл мәтіндер Patreon қауымдастығының жинаған ақшасының көмегімен аударылған. Егер қазақ тіліндегі мәтіндердің көбірек болғанын қаласаңыз, бізге Patreon-да қолдау көрсетіңіз.

1.Камиң-аут

(ағылшын тілінен аударғанда «coming out, to come out») - айналаңыздағыларға өзіңіздің гомосексуалдығыңыз, бисексуалдығыңыз немесе трансгендерлігіңіз жайлы  хабарлау.

Камиң аут істеу немесе камиң аут жасау ұғымдары сіздің гомосексуалды (бисексуалды) бағытыңыз туралы немесе трансгендерлігіңіз (биологиялық және психологиялық жыныс арасындағы айырмашылық) туралы айтуды білдіреді.

2.«Гомосексуализм» емес, гомосексуалдық;  «гомосексуалист» емес, гомосексуал

КСРО-да және посткеңестік Қазақстанда «гомосексуализм» сөзі кең таралған.  Бұл гомосексуалдықтың дұрыс  атауы емес,  себебі «изм» жұрнағы бұл жағдайда патологияны, әлденормадан ауытқуды (мысалы, приапизм) немесе идеологияны, ойлау бағытын (мысалы, коммунизм, импрессионизм) меңзейді. Сондай-ақ «гомосексуалист» сөзіндегі «ист» жұрнағы белгілі бір идеологияны ұстанғандықты білдіру үшін қолданылады

Алайда,жыныстық бағыттың өзі (гомо-, би-, гетеро-) патологияға да , идеологияға да жатпайды.  Салыстырып қарасақ, гетеросексуалды бағыт  сөз болғанда, барша жұрт жазбаша да, ауызша түрде де «гетеросексуализм / гетеросексуалист» сөздерін емес, «гетеросексуалдық / гетеросексуал» сөздерін қолданады.  «Гомосексуалдық» және «бисексуалдық» терминдерін қолдану тілдік деңгейде бұл құбылыстарды негатив және патологизациядан айырып қана қоймай, терминологияны бірқалыпты етеді: гетеросексуалдық - гетеросексуал, бисексуалдық - бисексуал, гомосексуалдық - гомосексуал.  Қолданыста «Гомосексуал» сөзімен қатар «гей» және «лесбиян» сөздері де бар.  Бұл сөздер толықтай бейтарап, әрі олардың ешқандай негативті мағыналық реңі жоқ .

3. Көгілдір / қызғылт емес, гей / лесбиян

Қазіргі заманда ескіргенінен бөлек, түспен белгілеу гомосексуалды ерлер мен әйелдерді экзотикалық түрлер қылып бейнелейді, ал бұл - абсурд.абсурдты болып табылатын.  Сондықтан да, «көгілдір / қызғылт» сөздері бейтарап контекстіде қолданылмайды, олардың орнына гомосексуал, немесе гей / лесбиан сөздері қолданылады.  «Көгілдір/ қызғылт» сөздерінің айқын субмәдени сарыны, ,ауызекі реңі бар.  Осы себептен,«көгілдір/ қызғылт» сөздері не ирониялық жағдайда, немесе Кеңес Одағының шындықтарына сілтеме жасау контекстісінде(бұл сөздерді кеңестік гейлер мен лесбияндар өзара жасырын түрде өзін-өзі атау үшін қолданған) қолданылады,.

4. Натурал емес, гетеросексуал

 Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі қолдайтын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 1990 жылғы шешіміне сәйкес, барлық үш жыныстық бағыт та, яғни, гетеросексуалдық, гомосексуалдық және бисексуалдық норманың нұсқалары болып келеді, сәйкесінше үш бағыт та табиғи да, натурал да болып табылады.  Өздеріңіз білетіндей, жануарлар арасында барлық үш бағыт та кездесетін биологиялық түрлер бар.  Сондықтан тек гетеросексуалдықты «натуралды» деп белгілеу басқа бағыттарды натурал емес деп даралайдыі, ал бұлмедициналық тұрғыдан қарағанда - қате.  «Натурал» сөзі сленг болып табылады және оның қолданылуы тек дәйексөз ішінде орынды.

5. «Бейдәстүр жыныстық бағыт» емес, гомосексуалдық / бисексуалдық бағыт

Баршаңызға мәлім,, ЛГБТ адамдар барлық мәдениеттерде, дәстүрлерде, елдерде және барлық уақытта болған да, болады да, сондықтан барлық үш жыныстық бағыт та барлық қоғам үшін бірдей дәстүрлі болып табылады.

6. «Жыныстық азшылықтар» емес, гейлер мен лесбияндар, немесе гомосексуалдар

«Жыныстық азшылықтар» ұғымы  ЛГБТ қоғамдастығын сексуалдандырып, бұл қоғамдағыбасты рөлді жыныстық қатынасқа  береді. , Сонымен қоса, бұл ұғым гетеросексуалдармен салыстырғанда,  гейлер мен лесбияндардың қарым-қатынастарында, жыныстық қатынас - ең басты нәрседеген ой туғызады. Бұл, әрине,шындыққа жанаспайды .  Сондықтан, «жыныстық азшылық» ұғымы,дәл «жыныстық көпшілік» сөзі сияқты, ақылға қонымсыз .  «Жыныстық азшылықтар» тіркесі адам құқықтары туралы ресми есептерде, кейде,і этникалық, діни және басқа азшылықтармен қатар жазылғанда  орынды және әлі күнге дейін қолданыcқа ие.  Бұл  контекстіні есте сақтау маңызды.   Тақырыптың  азшылықтардың құқықтарына қатысы болмаған жағдайда, бұл сөздің орнына«гейлер мен лесбиянкалар», «гомосексуалдар», «гомосексуалдылар және бисексуалдар», «трансгендерлер», «ЛГБТ», «ЛГБТ адамдар», т.б. деген сөздерді айтып, жазған жөн.

Пікірлер

Log in or register to post comments

Или войти через: