close

You are here

01 January 20222096

Би: би ғана емес

Бұл мәтіндер Patreon қауымдастығының жинаған ақшасының көмегімен аударылған. Егер қазақ тіліндегі мәтіндердің көбірек болғанын қаласаңыз, бізге Patreon-да қолдау көрсетіңіз.

Оригинал текста на русском

Бисексуалдық пен бисексуалдар жайлы көптеген ұзақ мәтіндер әлдеқашан жазылып қойғандықтан мен сондай мәтіннің тағы біреуін жазғымкелмейді-ақ. Сондықтан мен өз ойымды оқуға жағымды әрітүсінуге оңай, қысқаша тезистер түрінде жазайын деп шештім.

  1. Бисексуал - өз жынысындағы және қарама-қарсы жыныстағы адамға романтикалық/жыныстық тартылыс сезімін сезе алатын адам.  Бинго!  Керемет қарапайым түсінік, алайда бисексуалдардың айналасында көптеген мифтер мен жалған нанымдардың болуы неліктен?  Түсініксіз.
  2. Бисексуал ерлер.  Олардың гетеросексуал әйелдермен немесе гей, бисексуал ерлермен жақсы қарым-қатынаста болуы мүмкін болса да, қандай да бір себептермен гетеросексуал әйелдер оларды «тым гей», ал гейлер оларды «натуралдарға еліктейді» деп санайды.  Бірақ, іс жүзінде олар жай бисексуалдар ғана, олар гей немесе  натурал адамдарға ұқсауға тырыспайды.  Оларды қай қалыпта бар, сол қалпында қабылдағаныңыз жөн.
  3. Немесе тағы бір нұсқасы - “бисексуалсымақтану”.  Кейде ер адамға үйленген немесе еркекпен кездесіп жүрген бисексуал әйелді “ЛГБТ-мін деп алдады” деп айыптайды.  Камон! Бисексуалдың бисексуал атануы  оның екі жыныстағы адамдармен де қарым-қатынас орната алатындығынан емес пе? н атанады.  Бисекуалды адам кенеттен  «гетеро»-ға айналмайды, оның бағыты да ғайып болмайды .  Ол ер адаммен кездесіп жүрсе  де, ЛГБТ қауымдастығының бөлігі мен дауысы болып қала береді.
  4. Мынаны мантра сияқты оқыңыз: бисексуал еркектер/әйелдер полиаморлы да, моногамды да немесе тіпті асексуал да, яғни жыныстық қатынасты ұнатпайтын адам, 100% асексуал болуы да мүмкін -. .  30 жасқа дейін еш жыныстық қатынасқа түспеген бисексуал еркектер/ әйелдер де бар.  Иә, иә, мен ондай адамдарды білемін.  Дәл тура сондай гетеросексуал еркектерді/ әйелдерді де білемін.
  5. "Бисексуалдарға әйелдер мен еркектер 50 де 50-ге ұнайды" деу- “біздің миымыз тек 10%-ға ғана жұмыс істейді” деп айту сияқты.  Яғни, жоқ және тағы да бір рет жоқ!  Біріншіден, шартты түрде ғана болмаса, әлі ешбір адам  сексуалдықты пайызбен өлшеген емес .  Екіншіден, адамдар әртүрлі болады, яғни бисексуалдар да әртүрлі болып келеді. Біреулер әйелдерді көбірек ұнатса, кейбіреулер  еркектерді көбірек  жақсы көреді.  Шамамен, планетаның бір жерінде, еркек пен әйелді  бірдей деңгейде ұнататын бисексуал адам бар шығар. Мұндай ықтималдықты да жоққа шығаруға болмайды, себебі жердегі бисексуал адамдар есептелмеген де өлшенбеген де.
  6. «Бисексуалдық-уақытша құбылыс».  Иә!  Сіздікі жөн.  Өмір қамшының сабындай-ақуақытша субстанция.  Бисексуалдар мәңгі өмір сүрмейді, олар да планетадағы барлық адамдар сияқты орта есеппен 70 жыл өмір сүреді.

Олардың бисексуалдығы да жетпіс жылдық, яғни, мәңгілікпен салыстырғанда, уақытша құбылыс.

  1. «Бисексуалдыларға кіммен жатса да бәрібір » - бисексуалдылар қалаған адамдарымен жата алады.  Мұнда олардың гейлер, лесбияндар, гетеро адамдар және квирлерден еш айырмашылығы жоқ.
  2. «Бисексуалдар - сенімсіз серіктестер». Пайымдап көрейік.  Гомофоб адамдар өздерінің жеккөрініш сөздерінде гомосексуалдар туралы жиі: «олар қалағанымен жатсын, тек көзге түспесін» деген пікір  білдіреді.  Олардың бұлай айтуы олардың гомосексуалдықтың тек жыныстық қатынас  қана емес екенін түсінбегендіктен шығадыі.  Гомосексуалдық -  қарым-қатынас, ғашық болу, романтика.  Ал демек, гомосексуалдылар бисексуалдыларды сенімсіз десе, бұл сөздердің негізі  – бәрі жыныстық қатынасқа байланған деген сенім.  Бірақ бисексуалдар да ғашық болып, жақсы көреді.  Және олардың жыныстық бағыты да жыныстық қатынасқа ғана емес, қарым-қатынас пен сезімге де байланысты.
  3. «Бисексуалдардың өмірі оңайырақ».  Шын мәнінде , олардың өмірі басқа ЛГБТ қауымдастығымен салыстырғанда  оңай да, қиын да емес.  Олардың да тура гомосексуалдылар сияқты, жұбы олармен бір жынысты болса, жақын адамымен некеге тұрып, бала асырап алуға құқығы жоқ.  Бисексуалдар сүйіктісінің жынысын таңдамайды.  Ол гомосексуалдар мен гетеросексуалдар сияқты адамға жай ғана ғашық болады.  Яғни, ол адамға жай қарап тұрып ақ ғашық болып қалғанын түсінеді.  Және адамның өзіне : «Ой, бұл адам менімен бір жынысты, бұл мен үшін онша қолайлы емес» деп, қарсы жынысқа ауысуы мүмкін емес.  Олай қылу мүмкін болса, гомосексуалдар да солай істейалар еді.

Бисексуалдардың көріну күні құтты болсын!  Би билейік!  Алақай

Пікірлер

Log in or register to post comments

Или войти через: