close

You are here

05 September 20211657

Екі ананың айтуы бойынша

Бұл мәтіндер Patreon қауымдастығының жинаған ақшасының көмегімен аударылған. Егер қазақ тіліндегі мәтіндердің көбірек болғанын қаласаңыз, бізге Patreon-да қолдау көрсетіңіз.

Оригинал текста на русском

Түпкі ой

Kok.team: Сіз жаңа өмірді дүниеге әкелуге  дайын екеніңізді қалай түсіндіңіз?

А. Мен бала кезімнен бастап, қоғам менен күткен нәрсеге қайшы келіп, өз жолыммен жүруге тырысатынымды байқадым. 25 жасқа дейін тұрмыс құру? Пффф… қажеті жоқ. Өзіңізді толыққанды әйел ретінде сезіну үшін босану?  Мен бұл жерде тіпті ешқандай пікір айтқым да келмейді. 

Мен өзімнің серіктесіммен қарым-қатынасты құрып, бұл менің бірге қартайғым келетін, шынымен де менің адамым екенін түсінгеннен кейін, мен кенеттен өзімнің отбасымды кеңейту қажеттілігін сезіне бастадым. Біз отбасымызға қосылатын тағы бір адамға жылу мен махаббат беруге дайын екенімізді сезіндік. Мен ана атану туралы ойлана бастадым.

 Әрине, мен 35 жасқа дейін ана атануды жөн көретінімді жақсы білетінмін, себебі, кейін қиын  ұрықтанудың, жүктіліктің және босанудың қаупі айтарлықтай артады. Дені сау емес баланың дүниеге әкелу - мұндай қорқыныш та болды, бірақ мен оған назар аудармауға тырыстым.

Kok.team: Жаңа өмірді дүниеге әкелду себебі неде?

A: Мен өз өзімді тыңдай білемін. Мен өзімнің дайын екенімдігін түсіндім.

Kok.team: Ерлі-зайыптылар баланы кім көтеретіндігі туралы бір бірімен қалай келіседі?

А: Бізге келісудің қажеті жоқ еді, өйткені  біз екеуміз де босанатынымызды  жақсы түсіндік, тек дәйектілік туралы шешім қабылдау ғана қалды.  Менің серіктесім менен үлкен болғандықтан, мен оның бірінші босанғанын қаладым. Бірақ біз әлде бір себептерге байланысты, баланы бірінші болып мен босанамын деген шешімге келдік.

Ұрықтандыру

Kok.team: Ұрықтандыру қандай әдіспен жүзеге асты? ЭКҰ? Жасанды ұрықтандыру? Жыныстық қатынас?

А: Жасанды ұрықтандыру.  Ұрықтандыру екінші мүмкіндіктен жүзеге асты, бұл біз үшін әрине, ғажайыпқа ұқсас болды.  Біз абдырап та, қуанып та, мүмкін қорқып та қалдық.

Kok.team: Ұрықтандырудың осы әдісін таңдауға не әсер етті?

А: Донор іздемес бұрын, мен тексерілуден өттім, барлық қажет анализдерді тапсырдым, және денім сау екеніме, босануға дайын екендігіме сенімді болғаннан кейін, жасанды ұрықтандыру әдісін пайдаланатынымзға күмәнданған жоқпыз. Егер мүмкіндік аз болса, мүмкін біз алдымен жасанды ұрықтандыруға жүгініп, содан кейін ғана ЭКҰ-ға жүгінер едік.

Жыныстық қатынас тек қосалқы нұсқа болғандықтан, біз бұл туралы сөйлеспедік те. Бізде осы әдіспен керемет қызды дүниеге әкелген құрбымыз бар. Менің білуімше, бұл донордың талабы болған.

Kok.team: Сіз бүкіл процесті іс жүзінде жүзеге асыру туралы қандай кеңес бере аласыз?

А: Егер сіз жасанды ұрықтандыру әдісін өзіңіз қолданып көргіңіз келсе, оны тек сіздің үйіңіздің ортасында жасауға кеңес беремін.  Бұл сізді мүмкіндігінше босаңсытады.  Ванна, шай, массаж, жыныстық қатынас.  Сіз әлі де аздап қобалжуыңыз мүмкін, бірақ менің жеке тәжірибем бойынша, үйде төсегіңізде жатып, сүйіктіңізді құшақтап жатып, қобалжыған дұрысырақ.

Екі ана

Kok.team: Екінші ананың босануға қатысуға мүмкіндігі болды ма?

А: Иә, Алматы перзентханасында бұған қатысты проблемалар жоқ, әсіресе егер сіз босану кезінде сіңіліңім қатысады деп айтсаңыз. 

Kok.team: Бала сізді кім деп атайды?  Ол өзінің екі анасы бар екенін біле ме?

А: Қазір біздің баламыз 3 жаста, және ол екеумізді де ана деп атайды. Біз әлде қандай қиындықтантарды сезбегенше, біз: анаңа барып келші, анаңды шақыршы ж.т.б сияқты айта береміз.

Kok.team: Ата-аналардың міндеттері мен рөлдері қалай бөлінеді?  Сіз Әке мен Ананың стандартты рөлдерін көшіресіз бе, әлде оған басқаша қарайсыз ба?

А: Жоқ, көшірмейміз.  Ұлымыздың 2 анасы бар және мұны ескермеуге болмайды.  Біз  оны құшақтаймыз, сүйеміз, кезекпен онымен бірге тамақ дайындаймыз немесе бәріміз бірге, бірақ бұл сирек кездеседі. Біз оны кезекпен жуындырамыз, кімнің бос болуына байланысты.  Біз қазір бәріміз бір төсекте жатамыз, бірақ көп ұзамай баланы өз бөлмесіне көшіру туралы ойлану керек болады.  Барлық міндет екеумізде де жатыр. Менің серіктесім баланы өзі дәрігерге де апара алады, және бұл біз үшін қалыпты жағдай.

Сыртқы әлем

Kok.team: Егер сіз балабақшаға немесе мектепке бірге келетін болсаңыздар, реакция қандай болады?

А: Ресми түрде, мен өз әпкесімен бірге тұратын жалғызбасты анамын, сондықтан кейде "әпкесі" баланы балабақшадан алып кетеді.  Бізде бұл туралы ешқандай сұрақ туындамайды.

Kok.team: Туысқандар не дейді?

Менің әкем бұл туралы білмейді, мүмкін түсініп те жүрген шығар. Мен онымен бұл туралы ашық талқылаған жоқпын. Ал әпкелерім бұл туралы біледі, менің серіктесімді отбасы ретінде қабылдайды. Серіктесімнің туыстары да білмейді, менің ойымша, олар мұны түсініп те жүр, бірақ олар бізге ешқандай сұрақ қоймайды.  Серіктесімнің туыстары бізге қонаққа да келеді, және олар басқа қалада тұрады.  Бұл сәттерде, әрине, күдік туғызбас үшін ұлыма көп уақыт бөлемін.  Мысалы, егер мен кітап оқып жатсам, ал құрбым баламды жуындырып жатса, менің ойымша, оның анасында сұрақтар туындауы мүмкін.

Kok.team: Ата-анаңыз бала тәрбиесіне көмектесе ме?

А: Өкінішке орай, әкем бала қарайтын жағдайда емес. Ал анам бұрыннан бері жоқ, баламның атасы мен әжесі жоқ деп уайымдадым. Әрине, әріптесімнің ата-анасы, әр келген кезінде ұлымызды ойнатып, еркелетеді, бірақ, тіпті ол  олардың немересі екенін түсінбейді.  Мен үшін бұлай болғаны өкінішті. 

Kok.team: Қоғаммен қарым-қатынаста, гетерожұптар ешқашан кездестірмейтін қандай қиындықтармен кездесесіз?

А: Бұл қарапайым нәрселер… Біз қол ұстаса алмаймыз.  Демалыс күндерін бір-біріміздің компаниямызда не үшін өткізетінімізді түсіндіру үшін әртүрлі нәрсе ойлап табуымыз қажет.  Бұл тек қоғам туралы айтатын болсақ.  Ал жалпы өмірде кемшіліктер өте көп.  Біз қарым-қатынасымызды көрсете алмаймыз.  Бұрын бұл біздің таңдауымыз болатын деп ойладық, бірақ қазір одан да қатты қорқамын, себебі енді біздің баламыз бар.  Оны бізден тартып алады немесе қорлайды, ж.т.б деп қорқамын.

Әкесі

Kok.team: Баланың әкесі бар ма?  Ол баласымен сөйлесіп тұрады ма?

А: Біз донормен оның бала өмірінде болуы, толығымен оның қалауына байланысты деп келіскенбіз. Біз оның баласымен сөйлесіп тұруына тек қуанышты екенімізді білдірдік. Қазір баланың әкесі басқа елде тұрады, әрине, сондықтан олардың арасында әлде қандай байланыс бола алмайды. Егер болашақта бұл байланыс орын алса, біз тек бақытты боламыз.  Біздің доноромыз керемет.

Kok.team: туу туралы куәліктің “әкесі” бағанында не жазылып тұр?

А: Бос.  Бұл шекарадан өту сәтін айтарлықтай жеңілдетеді, мен бақыттымын.  Неліктен әкесінің аты жоқ екенін сұрағанда не болатынын әзірге ойлағым келмейді.  Әзірге тек: "менің атамның да тек тегі мен аты ғана бар" деген жауап ғана дайын.

Әртүрлі

Kok.team: Егер сәби туылмай тұрып, өткен уақытқа оралып, шетелге кетуге мүмкіндік болса, сіз оны қолданар ма едіңіз?

А:Егер мүмкіндік болса, әрине, сөзсіз.  Соңғы алты айда біз Қазақстаннан кету туралы шешім қабылдадық. Бұған аз ғана жұмыстар қалды. Несиелерді жауып, сол жердің бізге қолайлы екенін түсіну үшін, мемлекетке барып, әрекет ету ғана қалды. Алдағы 3 жылда біз елден кетеміз деген үміттенемін.

Kok.team: Қазақстандық заңдар, екі ананы да баланың қамқоршысы ретінде көрсетуге жол бермейді, яғни,  бір ана ресми, ал екіншісі ресми емес.  Егер ресми анаға бірдеңе болып қалса, бұл жағдайға жоспарыңыз бар ма?

А: Біз бұл мәселені талқылаған болатынбыз, менің туған сіңілім баланы өз қамқорлығына алады, бірақ балам өзінің екінші анасымен бірге тұрады. Мұндай жағдай орналмайды деген үміттемін :-)

Бұл мәтіндер Patreon қауымдастығының жинаған ақшасының көмегімен аударылған. Егер қазақ тіліндегі мәтіндердің көбірек болғанын қаласаңыз, бізге Patreon-да қолдау көрсетіңіз.

Пікірлер

Log in or register to post comments

Или войти через: