close

You are here

27 May 20173398

Тайваньнан алар сабағымыз

24 Мамыр күні Тайвань елінің Жоғарғы соты бір жынысты некені заңдастыру жолындағы бірінші және ең маңызды қадамға барды. Сот некені тек ер мен әйелдің арасында болуы мүмкін деп танитын заңды ел Конституциясымен үйлеспейтіндігі жөнінде шешім қабылдады.

Тайвань Азия құрлығында бір жынысты некені заңдастырған алғашқы мемлекет. Бұл оқиғаның тарихта аты қалатындай орны бар екендігін барлық құрлықтағы мемлекеттер мойындады. Олардың ішінде, әсіресе көршілес Қытай елінде бұл оқиғаны қуана қарсы алғандардың саны көп болды. 

#TaiwanGayMarriageLegalization атты хэштегке қытайлық твиттер Weibo әлеуметтік желісінде 11 миллионнан астам адам жауап берген. Жауап бергендердің басым көпшілігі құрлықтағы Қытай бұл шешімнен шабыт алатындығы жөнінде айтып, жылы лебіздерін білдірген.

Тайваньдағы ЛГБТ құқықтары үшін күрес жүргізуші қозғалыстар феминисттік, қоршаған ортаны қорғау және өзге де прогрессшіл қозғалыстармен бірге елді тәуелсіздік алғалы бері басқарып келе жатқан және авторитаризм мен коррупцияға бой алдырған Гоминдаң (KMT) партиясына наразылықтың нәтижесінде туындады. Бұл қозғалыстардың барлығы Демократиялық Прогрессшіл Партияның айналасына жиналып елдің басты оппозициялық партиясына айналады. Тайваньның қазіргі президенті Цай Иңвен осы партиядан шыққан.

Тайвань халқы елді құраушы партия Гоминдаңға құрметпен қарағанымен, алға жылжу үшін заманның талабына сай ойлау керек екендігін түсінеді. Прогрессшіл оппозицияның беделі артуымен қатар, халық арасында түрлі топтарға деген толеранттылық та жоғарлай түсті. Мысалы, World Values Survey зерттеу жобасы ұсынған мәліметтерге сенсек, 1995 жылы Тайвань халқының 64%-ы гомосексуал адамдарға өте төмен толеранттылық дәрежесін көрсетіп, ешқашан қабылдамайтындығы жайында айтқан. Ал 2012 жылы бұл көрсеткіш 24%-ға дейін төмендеген.

Қазақстан азаматы ретінде бұл жерден біз бір фактіні анық түсінуіміз қажет: тең құқық пен бостандық принциптері батыстан да, шығыстан да біздің елге беттеп келеді. Бір жынысты некенің заңдастырылуы осы бостандықтар мен құқықтардың айқын бір көрінісі. Тайваньда орын алған тарихи оқиға толенранттылық принциптерінің Европа, Азия, Африка, Оңтүстік және Солтүстік Америка, яғни барлық құрлықтардағы әрбір халыққа тән екендігін дәлелдейді.

Тайваньнан келген жаңалық – Қазақстан ЛГБТ қауымдастығы үшін аса қуанышты жаңалық. Осы секілді жүректе үміт ұялатып, тең құқықтар мен бостандық үшін жүргізіліп жатқан киелі күресті жалғастыруға серпін беретін жаңалықтар көп болғай!

Пікірлер

You are reporting a typo in the following text:
Simply click the "Send typo report" button to complete the report. You can also include a comment.