close

You are here

23 September 20173285

НЕГЕ ЖАҚСЫ ӨМІР СҮРМЕСКЕ?

Маған Kok.team үшін мақала жазған ұнайды. Бұл жерде мен шын мәнінде мені толғандырған тақырыптарға жаза аламын. Сайт редакциясы менен бисексуалдыларды мойындау күніне байланысты бірер сөз жазуды сұрады. Енді міне, осыған дейін жазылғандардан бөлек мен айта аламын деп басым қатып отыр.

Әлбетте, бифобия туралы жазуға болады. Мысалы, көптеген гетеро не гомо жұрттың көзіне бисексуалдылық еріккендегі ермек секілді көрінеді. Иә, бифобия нашар-ақ. Интерсексфобия, панфобия, лесбофобия және гомофобия да дәл сондай нашар. Бұл мәселе туралы жазу керек, айту керек, билеу, суреттеу тағы да керек. Себебі, адам өміріндегі осы мәселенің қандай орын алатындығын, оның ауқымы мен тереңдігін қатардағы азамат бар түйсігімен сезінуі тиіс. Сол себепті бұны эмоциялық кеңістіктен физикалық кеңістікке көшіру қажет.

Дей тұра, еврей жаңа жылы, яғни Рош Ха-Шана деген керемет мейраммен тұспа-тұс келген осы бисексуалдылықты мойындау күнінде мен келесі бір ой түйдім.

Мен өз қауымымның жәбірленуші рөлінен арылғанын қалаймын. Біз өз жағдайымызды жеткізу үшін ұдайы қиыншылық пен жапа шегудің хикаяларын қолданамыз. Бұл позициядан һәм арылу қажет.

Кейбіреулер бұндай сөздерге әлі ерте деп ойлауы да мүмкін. Қазақстан ЛГБТИК қауымдастығының өзі де, шын мәніне келгенде, жекелеген қалалардағы жасырын кездесулерден ғана құралады ғой. Шындығында, біздің қанша екеніміз де, ЛГБТИК болу-болмауымыз да, активист болу-болмауымызда, айналамызды жақсарту үшін қандай әрекет қылып жатырмыз, бұның барлығы да маңызды емес.

Маңыздысы бейқұрбан болып өмір сүру. Біз өзіміздің бар екендігіміз үшін ақталып, түсініктеме беруге міндетті емеспіз. Біз бармыз және бар бола тұра, өмірден ләззат алғымыз келеді. Қай жақта болмасын өзімізді еркін сезінгіміз келеді. Өзімізді тек қауымдастықтың шеңберіне ғана таңғымыз келмейді. Маған Бернар Вербердің кітаптарындағы келесі бір девиз ұнайды (бұл жазушы әлі де танымал деп үміттенемін): “Махаббат менің семсерім болса, юмор маған қалқан”.

Неге жақсы өмір сүрмеске? 

 

Аудармашы: Заман Үні

Пікірлер

Log in or register to post comments

Или войти через: