close

You are here

30-дан кейін гей болудың ерекшеліктері

06 March 2018 2743

Менің соңғы (сызылған) төсектес жолдасым кетерінде өзіне-өзі көңілі толып, кеудесіне нан пісіп кетті. Оның себебі, соның алдындағы түні менің ахылап-ухілеп ыңқылдағанымды ол байғұс менің арқам екен деп ойлап қалды. Ол оныншы минутқа жақындай бергенде менің балтыр етім тартылып қалып, менің ыңқылдағаннан басқа дыбыс шығаруға шамам келмей жатқанын қайдан білсін? Балтырдағы бұлшық еттердің қайсысы менің жанымды шығарғаны белгісіз, бір белгілісі – оныншы минутқа жете бере мен он біріншісі болмай-ақ қойса екен деп іштей дұға қыла бастадым. Ал менің жан айқайым (асылы, касатка  киттер дәл сондай дыбыс шығаратын болса керек) менің көңілдесімді тіпті қамшылай, қоздыра түскендей болып, мен ыңқылдай түскен сайын, олда бар ынты-шынтысымен кірісе түсті. Ол белсене түскен сайын... арғы жағы онсыз да белгілі шығар. Ол өзін керемет іс тындырдым деп ойлаған шығар, себебі мен ол біткеннен кейін жиырма минуттай ахылап жаттым. Оның ләззаттан тері шықса, мен бейбақ кеудемнен жаным шығар ма екен дедім.

Сонша азапқа неге түстің деп сұрайтын шығарсыздар. Бұған берер екі жауабым бар. Бір жауап екіншісінен туындай береді. Мен міне ақырындап өмірімнің төртінші онжылдығына аяқ бастым. Менің жасыма келген адам қыста кеды кимейді, терезеден жел соқса мыржым-тыржым болып жақтырмай отырады, сөздік қорға «дәрі-дәрмек, шөп-шай», «қысқа банка жабу» деген сияқты сөздер кіреді. Клубқа да бармайтын болдық. Жас күнімізде тіпті ойға кірмейтін нәрсе еді, ал енді міне, сағат 11-ді соқса болды маужырап, есеңгіреп, төсек арман болады да тұрады. Бір сөзбен айтқанда, уақыт зымырай түсті, ал мен аяңдай түстім. Аяңдамасқа амал бар ма? Бір жерде жалпамнан түсіп жатсам, сұлу жігіттердің алдынан жүгіріп шықпай, ақсаңдап шығып, масқара боламын ғой. Содан да болар, белгілі бір нәрселерден бас тартуға, ал енді бір нәрселерге бел буып шыдауға тура келеді.

Бұның қалай басталғаны әлі есімде. Бірде 69 клубында, ол күнде 69 Құрманғазы-Пушкинаға көшіп те қойған, билеп жатсам, арқам бір түрлі қырт ете қалды. Ешкім байқап қоймаса екен деп, мен де түрлі-түрлі бидің паларын жасай бастадым. Ритмнен жаңылмастан, белімді былай да бұрадым, алай да бұрадым. Жұрт сұмдық билейді екен деп ойлады білем, ал менің бар ойым қырт етіп тайып кеткен омыртқаны сырт еткізіп қайтадан орнына келтіру. Содан кейін өзіме іштей: «Ей, бейшара-ай, сенің орның бардың айналасы болыпты ғой. Қан қысымың күрт түсіп кетсе, ең болмаса бір жерге сүйеніп қаларсың» - дедім.

Бұрын онша мән бермейтін өзгерістер орын ала бастады. Мәселен, жігітпен кездесуге бару керек болса, жылы жерді таңдайтын болдым. Минеттің де уақыты қысқарды, мойын талады. Бір жақсысы – әйтеуір, бел әзірге тыныш.

Тағы бір өзгеріс – достар қонаққа келсе ерекше қуанатын бодым. Оларға түрлі-түрлі жаңа пирогтың рецептілерін жегізіп көріп, тәжірибе қойса болады. Түн ұзақ әңгімелесіп, қайтсек Қазақстанды аяғынан тұрғызады екенбіз деп ой-толғаса болады. Алматыда шыбық сынса, оған Бәйбекті кінәлауға да болады. Арықтардың бәрін пакетке толтырған өзінен көрсін.  Бір мақаланың ішінде белсенді азаматтарды жер қылып, Ермек Тұрсынов ағаттық жасады-ау деп бас шайқаса және болады. 8 наурыз жақындап келеді, ал менің лесбиян достарымның «бізге аяулы жар бол, нәзік жан бол деп айтпаңдар» деп жүргенін тыңдап марқайып отырса, тағы болады.

Тағы бір өзгергені – көңілдестін саны һәм азайды. Кездескенде қоятын сұрақтар бірдей болды, ал жауабын ерекше иждаһатпен тыңдайтын болдым. Бұндай әңгіме кезінде босқа уақыт өткізу болып көрінуші еді. Секс болса қайтейін, сені тану міндетті емес дейтін күндер өтіп кетіпті. Енді үйіме кімді апарғалы жатырмын, білгім келді. Жанымда қандай жан болатындығы маңызды екен. Бір ақымақ па, нацист па біреу төсегіме кіріп кетсе, не боламын?

Айналамда болып жатқан оқиғалардың мені айналып өтпесін, мен де соның бір бөлігі екендігімді түсіне бастадым. Себеп-салдардың қайдан шығып, қайда кіретіні анықталып қалғандай. Ойлап қоямын кейде, қартаюдың құны балтырдың сыздауы мен шкафтағы шөп шай болса, ол құнды өтеуге мен дайынмын. Жай ғана, кейде өз қатарластарым үшін ішім ашиды. Жұрт «Кәрілікпен бірге ақыл келеді, ал біреулерге кәрілік жалғыз келеді» - деп қалжыңдап жатушы еді. Бірақ, кім біледі, мүмкін олар жапқан банка менікінен дәмдірек те шығар.


Аудармашы: Заман үні


Жаңалықтарды өзіңізге ыңғайлы желіден алыңыз
Біздің Telegram
Facebook
Vkontakte
Instagram парақшаларымызға жазылыңыз

Тэгтар: #живилюби
Get updates wherever convenient:
Қате таптыңыз ба? Ctrl + Enter

Пікірлер

Log in or register to post comments

Или войти через:

You are reporting a typo in the following text:
Simply click the "Send typo report" button to complete the report. You can also include a comment.