close

You are here

02 October 20183420

ГОМОФОБИЯДАН АРЫЛУДЫҢ ОҢАЙ ЖОЛЫ

Біздің президентіміз Қазақстан халқының бірлігін нығайту керек деп жиі айтады. Бұл әрі қарай дамуымыздың басты шарты дейді. Енді керек десе, керек қой. Басқа ештеңе істей алмайсың. Ал, адамзат тарихында бірде бір адам гей болуын тоқтата алмағандықтан, біздің қоғамымыздағы гомофобияны емдеуге тура келеді. Бірлігімізді нығайту үшін ғой. Бұл жерде адамзаттың жинаған тәжірбиесі мол, ал қазір бұл диагноз үкім емес. Емдеу оңай әрі емін-еркін, ал нәтижесі сізді таң қалдырады:

♦ Сізді басқа адамдар қалай жыныстық қатынасқа түсетіні алаңдатпайтын болады. Тіптен, сіз қалай дұрыс, қалай бұрыс, ал бұлай кішкене дұрыс емес-ау, былай істеу керек, қолыңды мында қой, міне, енді керемет деп басқа адамдарға кенедей жабысып, мазасын алуды қоясыз. Сіз осындай қылықтарыңызды тоқтатасыз, ал айналаңыздағы адамдардың арқа-басы кеңіп, саябырланады.

♦ Сіз басқа адамдардың артын ойлауды қоясыз. Мына байқұстар сіз қалағандай өмір сүріп жатпағандығы сізді алаңдатпай, ұйқыңыз жайлы болатыны ғажап. Біреудің артын жіберу қиын екенін түсінемін, бірақ мен сізге сенемін! Сіздің қолыңыздан бәрі келеді.  

♦ Сіз ұлт/мемлекет/адамзат жоғалып кетеді деген қорқыныштан арыласыз. Күн сөнбейді, ал жер метеоритпен соқтығысып қалмайды, біз ғаламшарымызды ақырзаман жағдайына дейін ластамаймыз, ядерлік соғыс басталмайды, ғаламдық топансу болмайды, басқа планеталықтар бізді жойып жібермейді деп уәде бере алмаймын, әрине. Бәлкім, сіз сіздің егініңізді құрту үшін құдай шегірткелерді жібереді деп қорқуыңыз мүмкін. Өкінішке орай, діни фанатизмнен бұл мақала сізді емдеп шығара алмайды. Ол үшін сізге тұрғылықты тіркелген жердегі клиникадағы психиатрға жазылып, параноидты симптомдарыңызды айтып, мазасыздық жағдайыңыз бен сандырақ ойларыңыздың деңгейін төмендететін керемет дәрі-дәрмектер ала аламыз. Біздің заманымызда бұл да тамаша емделеді.

♦ Сіз гей болып кетемін деп қорықпайтын боласыз, себебі гей болу мүмкін емес. Мүлдем мүмкін емес. Иә, тіптен келбетті де сымбатты жігіттер басыңызды айналдырып, анаңызға күйеу бала керек емес пе деп сұрап жатса да, не болмаса теледидардан fullHD форматында тек гей порносын көрсетіп жатса да мүмкін емес. Тіптен айналаңыздағы адамдардың бәрі: «Құдайым-ау, менде Жәнібекпен болған секстен асқан секс өмірімде болмаған!» деп жатса да мүмкін емес. Бұның бәрі әуре-сарсаң.

♦ Жай ұнамағаны үшін ғана адамдарды өлтіру – сіздің мақсат-ниетіңіз болмайды. Адамдарды өмірінен айырудың өзі сондай жақсы іс емес, ал егер құдай біреуді өлтірсе, ол енді құдай ғой. Сіздің бұнда қандай қатысыңыз бар? Оған бәрі болады. Сондықтан, құдайға сеніңіз, ол кімді қаласа соны өлтіре берсін, ал сіз өзіңізге пайдалырақ жұмыспен айналысыңыз. Мысалға, жемқорлықпен, үй зорлығымен, діни фанатизммен күресіңіз, ең құрымағанда лифтті ластап жүрген адамды тауып алсаңызшы! Адамзатты адамгершіліктен айырудың орнына, адамзатқа бір пайдалы нәрсе істесеңіз.

♦ Тек сіздің ойыңызша дұрыс емес ересек адамдарға ғана емес, сонымен қатар балаларға бағытталған қазіргі кезде болып жатқан зорлық-зомбылыққа қатысты болуды доғарасыз. Гей, лесбианка, трансгендер боламын деп таңдау жасамаған балаларға бағытталған зорлық-зомбылық. Ешкім бұндай таңдауды өз еркімен жасамайды, оларды сол үшін жек көрудің қажеті жоқ. 

Гомофобиядан емделудің басқа да көптеген жақсы жақтары бар, ол туралы сөз арасында қысқаша айта кетейін:

⇒ Шетелдік азаматтар бізде Орта ғасыр деп ойлауын доғарады.

⇒ Бізде тек жек көруге ғана емес, сүйіспеншілікке де уақыт табылады.

⇒ Президент сізге Қазақстан халқының бірлігін нығайтқаныңызға рақмет айтады.

 «Енді бұның бәрін қалай аламыз? Бізді іштегі жыландай жеп жатқан жек көрушіліктен қалай арыламыз? Президентіміздің ұйқысы тыныш болуы үшін, оған қалай жағамыз? Қалайша адекватты адам боламыз?» - деген сұрақтар сіздерге маза бермей тұрғанын көріп тұрмын.

Олай болса, құпияны ұзаққа жасырмаймын: көзіңізді жұмыңыз, терең дем алыңыз да, өз өміріңізбен айналысыңыз.


Аудармашы: Балжан


 

Пікірлер

Log in or register to post comments

Или войти через: