close

You are here

ӘЛЕМДІК ҚАУЫМДАСТЫҚ ҚАЗАҚСТАНҒА ГОМОФОБИЯҒА ҚАРСЫ КҮРЕСТЕ ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ

20 May 2017 1186

2017 жылдың 17 мамыр күні, Халықаралық гомофобия, трансфобия және бифобияға қарсы күрес күнінің (IDAHOT) құрметіне бірқатар елшіліктер мен дипломатиялық миссиялар Қазақстандағы гей, лесбиан, бисексуал және трансгендер тұлғаларға қолдау және тілектестігін білдіру үшін бірлескен мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеде: “Кемсітпеушілік қағидасының заңның үстемдігіне және демократиялық қоғамға негіз қалаушы маңызы бар. Кейбір адамдар өздерінің жыныстық бағдары мен гендерлік сәйкестігі үшін әлі күнге дейін ашық және жүйелі түрде кемсітушілік көруде. Біздің үкіметтеріміз бұл кемсітушілікке қарсы күресіп, барлық адамдардың тең құқықтарын қамтамасыз етеді. Әлемдегі бүкіл адамдар, соның ішінде лесби, гей, бисексуал және трансгендер өкілдері барлық халықтардың өкілдері сияқты тең құқықтар мен бостандықтарға ие болуы тиіс” деп айтылған.

Сонымен қатар, елшіліктердің өкілдері Қазақстан үкіметіне, үкіметтік емес ұйымдарына, жекелеген отбасылар мен тұлғаларға азаматтарды дискриминациядан қорғау жолында көмек беруге әзірлігі жайында мәлімдеді.

Бірлескен мәлімдеме жасаушылар:

  • Ұлыбритания Елшілігі
  • Еуропалық Одақтың өкілдігі
  • Канада Елшілігі
  • Финляндия Елшілігі
  • Нидерланд Корольдігі Елшілігі
  • Швеция Елшілігі
  • Швейцария Елшілігі
  • АҚШ Елшілігі
Автор: Kok.team
Get updates wherever convenient:
Қате таптыңыз ба? Ctrl + Enter

Пікірлер

Log in or register to post comments

Или войти через:

You are reporting a typo in the following text:
Simply click the "Send typo report" button to complete the report. You can also include a comment.