Facebook қолданушысы өзінің жеке парақшасында қазақ ұлттық киімін киген адамның Нью-Йорктің Брайтон Бич ауданында өткен орыс тілді ЛГБТ-ның парадына Қазақстан жалауын алып шыққандығын көрсеткен видео жариялады.
Жалауды желбіреткен адам бұны Қазақстандағы ЛГБТ қауымдастығына олардың жалғыз емес екендерін, шет елге көшіп кеткен қауымдастық мүшелері оларды ұмытпағандығын көрсетіп, сонымен қатар елдегі гомофобия мәселесіне назар аударту үшін істегендігін мәлімдеген.
Айта кетерлік жайт, Қазақстанның көк ту шетелдік прайдтарда бұдан бұрын да бірнеше рет желбіреген болатын. Халықаралық қауымдастықтың Қазақстан ЛГБТ-сына деген қолдауы игі дәстүрге айналып келеді.