close

You are here

17 October 20172389

ЛГБТИ қызметкерлерді жұмыс орнында қорғау

Ағымдағы жылдың 26 Қыркүйегінде БҰҰ бизнестерге ЛГБТИ жұмыскерлерге қарсы дискриминацияның алдын алу үшін нұсқаулықтар берген болатын. Ауқымды баяндаманың басты тоқ етерін 5 қадамға ықшамдаған. Нұсқаулықтар әлем бойынша барлық бизнестерге бағытталып, жекеменшік сектордың адам құқықтары мен оның бостандықтарын қорғаудағы рөліне ерекше назар бөлінген.

“Егер біз ЛГБТИ теңдігіне әлемдік деңгейде қол жеткізуді мақсат ететін болсақ, бизнестер өзінің адам құқықтарын қорғаудағы міндеттерін орындап қана қоймай, сонымен қатар, өзгеріс әкелуші белсенді агенттерге айналуы тиіс” дейді БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі бас комиссары Заид Рағат Әл-Хуссейн.

Баяндаманың кіріспесінде былай делінген: “Соңғы онжылдық жаһандық ЛГБТИ үшін заңнама жүзінде де, кейбір жағдайларда қоғамдық көзқарастың өзгеруінде де үлкен алға жылжушылықпен есте қалары анық. Алайда, бұл прогресс біркелкі таралған жоқ.  Көпшілік мемлекеттерде сексуалдылық және жыныстық негіздегі дискриминацияға қарсы шаралардың жағдайы қанағаттандырмай тұр. Тіпті алға жылжыған елдердің өзінде ЛГБТИ адамдар, соңғы мәліметтерге сүйенсек, мектепте кемсітуге ұшырайды, жұмыс орнында әділетсіздіктерге жиі тап болады және көптеген қоғамдық қызметтерге қолдары жетпей жатады.”

Сол себепті БҰҰ барлық бизнестерге келесі 5 принципті ұстануды ұсынады:

  1. Барлық жағдайларда адам құқықтарын қорғау. Бизнестер ЛГБТИ жұмыскерлерге қарсы дискриминацияның алдын алу үшін және зардабын жеңілдету үшін шаралар қолданғандары абзал. Сонымен қатар, бизнестер өз қызметінің адам құқықтарына қайшы келмеуін қадағалау мақсатында мониторинг жүйелерін құрғандары дұрыс.
  2. Жұмыс орнында дискриминацияға жол бермеу. Бизнестер жұмысқа алу, жұмыс барысы, жұмыс істеу жағдайы, жұмыскерлерге қоғамдық қолдау көрсету, жеке басына қол сұғудан қорғау және кемсітушіліктің салдарын жою кезінде ЛГБТИ қызметкерлерге қарсы дискриминацияның алдын алулары керек.
  3. Жұмыс орнында қолдау көрсету.  ЛГБТИ қызметкерлер адами арын сақтап, кемсітусіз жұмыс істеу алуы үшін жұмыс орнында позитивті орта қалыптастырған жөн.
  4. Нарықта адам құқықтарының бұзылуына жол бермеу. Бизнестер өз тарапынан ЛГБТИ жеткізушілер мен дистрибьютерлерге және клиенттерге қарсы дискриминацияға жол бермеуі тиіс. Сонымен қатар, нарықтағы өз орнын пайдалана отырып, өзге бизнестердің де адам құқықтарын құрметтеуін қамтамасыз еткен жөн.
  5. Қоғамдық ортада белсенді болу. Бизнестерді өз мемлекеттеріндегі адам құқықтарын таптаушылық фактілеріне қарсы күресуге шақырамыз. Оның ішінде, жергілікті құқық қорғау ұйымдарына көмек көрсету, ұжымдық адвокация, қоғамдық диалог құру және үкімет тарапынан болған құқық бұзушылық фактілерге қарсылық көрсету секілді әрекеттерге ерекше көңіл бөлінеді. 

Пікірлер

Log in or register to post comments

Или войти через: