close

You are here

17 May 20182837

ЕСКЕРТУ: БҰЛ КҮРЕС

17 мамырда Қазақстан Халықаралық гомофобияға, лесбофобияға, бифобияға және трансфобияға (IDAHOLBIT) қарсы күнін атап өтеді. Шын мәнінде, біз осындай жиіркенішті ксенофобиямен бір жылда тек бір рет емес - өмір бойы кездесеміз - сол үшін де оған қарсы күресеміз. 

Өкінішке орай, барлығымыз және біздің ішіміздегі әрбіріміз үнемі айналамыздағы адамдардың әртүрлі әрекеттері арқылы бізді мойындағысы келмейтінін сеземіз. Әрі мұнда сөз тек қана зорлық-зомбылық, қудалау мен келемеждеу жайында емес. Кейде бізді әлі қандай екенімізді айтпаған жақындарымыз да ренжітуі мүмкін, немесе біз жайлы хабары болса да әліге дейін қыз сияқты жексұрындар, мастурбациялағыш лесбилер, көргенсіз транстар не болмаса секске тоймайтын бисексуалдар деп әзілге айналдыратындар бар.

Барлығымыз күнде соққыға ұшырап жатамыз. Уақыт өте келе бұл өміріміздің үйреншікті бөлігіне, яғни қайталанып тұратын жайтқа айналып кетеді. Дәл осы себептен өзгелерге де, өзімізге де көрінетін және көрінбейтін күрестің жүріп жатқанын еске салу үшін осындай ерекше күн қажет. Бұл күні біз бір-бірімізге күрес жолындағы өздеріміздің қиыншылықтарымыз бен жеңістерімізді айта аламыз.

Неліктен күресу қажет?

Әдетте “Мен күресшіл емеспін. Менің тыныш өмір сүргім келеді.” деген сөздерді естиміз. Көпшілік адамдар мақсаттарын жүзеге асырып немесе шығармашылықпен айналысу арқылы  махаббат пен қуанышқа толы тыныш өмір сүргісі келеді.

Алайда, өкінішке орай, сол жоспарларымызды бұзатын адамдар бар. Ол адамдардың ойынша  кімді сүйіп, кіммен отбасы құрып және қалай киініп, жүріп-тұратынымызды біз шешпеуіміз керек екен. Осы тұста біз өз өмірімізді өзіміз басқаратын құқығымызды қорғауға тура келеді.

Тарихқа үңілер болсақ, ешкімнің өз құқығын жайдан-жай ала салмағанын көреміз. Ешқашан да. Құқыққа қол жеткізу үшін - алдымен күресу қажет.

“Бірақ қоғамның өздігінен дамуы ксенофобияның жоғалуына алып келмей ме?” деп сұрайтындар болуы мүмкін.

Қоғам өздігінен дами алмайды. Яғни өмір алдын-ала не істеу керектігі жазылып қойылған зауыттағы конвейер емес. Гомофоб үкіметтің жойылғанынан соң 20-30 жыл өткенде міндетті түрде біржыныстылардың некесі заңдастырлады деген принциппен жұмыс істемейді. Жоқ. Қоғам біркелкі дамымайды, ондағы адамдардың басым көпшілігінің қызығушылықтары мен әрекеттері қай жаққа қарай тартады, сол жаққа қарай дамиды. Бұл жолда да қозғалыс әрқалай бет алуы мүмкін, тіпті артқа қарай кетуі де ғажап емес. Сондықтан да Қазақстандағы қоғамның қалай қарай дамуы бізге байланысты.

Халықаралық гомофобия, лесбофобияға, бифобоияға және трансфобияға қарсы мерекені біз де тойлайтынымызға біз кәміл сенімдіміз!

Аудармашы: Азамат

Пікірлер

Log in or register to post comments

Или войти через: