close

You are here

Заң туралы тегін кеңес

18 June 2018 4815

Егер сіз өзіңізді ер адамдармен жыныстық қатынасқа түсетін ер адам ретінде танитын болсаңыз (МСМ), енді сіздің құқық қорғау бойынша кез келген міселемен көмекке жүгіну мүмкіндігіңіз бар. Құқықтық кеңесті Қазақстандағы Батыс-Шығыс ЖИТС Қоры ҚҚ қолдауымен Адам құқықтарын мониторингтеу ҚҚ жүргізеді. Құқықтық кеңес МСМ тобына жататын барлық адамдарға тегін. МСМ тобына гей және бисексуал ер адамдар да жатады.

Байланыс телефондары: +7 701 716 4258 немесе +7 727 277 7454 - Ардақ Жанабилова, координатор.

Көмекке жүгіну кезінде, МСМ топтарына қолдау көрсету бағдарлмасының шеңберінде екендігін ескертіңіз. Сонымен қатар, қордың кеңсесінде бетпе-бет кеңес алуға болады. Ол үшін алдын ала Ардақпен келісіп алу қажет. Кез келген қосалқы мәселелер бойынша Facebook және ВКонтакте желілерінде көзделген топтарға құқықтық көмек көрсету жобасының координаторы Святослав Сусловпен хабарлассаңыз болады. Қор қызметтерін қазақ және орыс тілдерінде көрсетеді.

Сонымен қатар, егер сіз қзіңіздің сексуалдылық немесе жыныстық тұлғаңыздың негізінде дискриминацияға ұшыраған болсаңыз, редакция Қиындыққа тап болсаң анкетасын толтыруыңызды сұрайтынын есіңізге саламыз. Бұл болашақта дискриминацияға қарсы заң жобасы үшін күресте бізге септігін тигізеді.

Пікірлер

Log in or register to post comments

Или войти через: