close

You are here

22 August 20202378

Қазақстан гейлеріне қан доноры болуға мүмкіндік бар ма?

Аудармашы: Макс

Донорлық қан күніне жүздеген адамдарға қажет. Әрине, сақтаулы қорлар бар, бірақ оны әрқашан жаңартып отыру керек. Неге? Себебі статистикаға сүйенсек, адамзаттың тек 15 пайызы ғана қан тапсыра алады. Қан донорлығына тек қана сау адамдар таңдалып алынады, сапа бақылауы өте қатаң-  егер сізде гепатит болған жағдайда, соңғы бір ай ішінде организмге дәрігердің қолы тиген болса (косметикалық ота, стоматологпен кездесу), немесе майлы тағамдарды көп тұтынсаңыз... Жалпылай айтқанда, сізге қандай жағдайда қан донорлығына уақытша не болмаса мәңгілікке тыйым салынатындығын қарап көріңіз.

Енді байқап қарасаңыз, донор болатын адамдардың қаншасы жиі қан тапсырып тұрады? Сондықтан әр донор бола алатын адам қаны қор үшін өте қымбат. Тіпті донор гей болған күннің өзінде ме?

Ойланып қарасақ, әрине, әр сау адам донорлық қан тапсыра алады. Бірақ бұл тұжырымды рас деп айту қиын. Гомосексуалдардың донор болу құқығы жайлы пікірталас бұрыннан бері бар, әр мемлекет әртүрлі пайымға келген. Басты қиындық АИТВ пайда болған кезден бастап ЕЕЖҚ (ерлермен жыныстық қатынасқа түсетін ерлер) тұлғалары қауіп-қатер тобына жатқызылды. Вирустың бастапқы таралу кезеңдері, яғни, 80-інші жылдарда АИТВ/ЖИТС тек қана гейлердің ауруы деген түсінік болды.

Уақыт өте келе жағдай өзгерді. Бірақ гейлер үшін қауіп өте жоғары болғандықтан, оларға көп көңіл бөліне бастады. Атап айтсақ, ауру жайлы ақпарат тарату, алдын-алу шараларын түсіндіру. Бүгінгі таңда гейлерді қатерге душар топ деп айту қате. Ресми ақпаратқа сәйкес Қазақстанда 2014  жылы 22408 адам АИТВ жұқтырған. Оның ішінде маңызды топтарды қарастырсақ, ЕЕЖҚ арасында АИТВ жұқтыру үлесі өте төмен-1.2%. Ал жоғарғы орындарда иньекциялық есірткі қабылдаушылар (8.4%), бас бостандығынан айырылғандар (3.9%), секс жұмысшылар (1.5%). Шынымен, көп гейлер еркекпен жыныстық қатынасқа түскенін айта бермейді. Дегенмен, АИТВ тасымалдаушылардың басым көпшілігі гетеросексуалдар болып табылады.

Өткен ғасырдағы түсінік әсерінен гейлердің қан донорлығын көпшілік жақтыра бермейді. Сол себепті АҚШта 1977  жылы бисексуалдар мен гомосексуалдардың қан доноры болуына қатаң тиым салынған-бұл тиым тек 2015 жылы жеңілдетілген. Бұл жағдайда дискриминациялық норма толықтай жоғалып кетті деу қате. Себебі санитарлық бөлімнің тағам мен медикамент сапасын бақылаушы басқарма (Food and Drug Administration, FDA) талабы осындай: соңғы рет еркекпен жыныстық қатынасқа түскен еркек тек қана бір жылдан соң донорлық қан тапсыра алады. Бірқатар Еуропа елдерінде де әртүрлі шектеулер қойылған. Соған қарамастан Еуропа соты келесі үкімге келген: егерде АИТВны анықтайтын жаңа тәсілдер, не болмаса донордың сауалнамасы қан қабылдаушының денсаулығына қатер әкелмейтіндігіне дәлел болса, жалпы тиым салуға жол берілмейді.

Назар аудартарлық қызық жағдайлардың бірі- батыс елдерімен салыстырғанда, гейлерді жақтырмайтын елдерің қатарындағы Қазақстан мен Ресейде ЕЕЖҚ тұлғалары үшін донорлық қан тапсыру процессі жеңілірек. Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы бойынша, қан тапсыру процессінің басында сауалнама толтырылу қажет. Сауалнамада қан тапсырушы сары аурумен ауырған болса, экзотикалық елдерде болған болса мойындауы және т.б. туралы мәлімет беруі тиіс. Сауалнама екі бөлімнен тұрады-біріншісінде міндетті түрде жауап беру керек сұрақтар, екіншісі өзіңді тексеру сұрақтары.

Әуеліден еркекпен еркек жыныстық қатынасы қан донорлық жолында кедергі болатын себептердің бірі болса, қазір «Соңғы 12 айда еркекпен жыныстық қатынасқа түстіңіз бе? (еркектерге)» деген сұрақ өзіңді тексеру сұрақтар қатарына енгізілген. Бұл блок тоғыз сұрақтан тұрады және келесі фразамен аяқталады: «Егер соңғы алты ай ішінде 26-ыншы пункттегі сұрақтардың кем дегенде біреуіне «иә» деген жауап берсеңіз қанат белгісін қойыңыз». Қанат белгісі сізді қан тапсыру процессіне жібермеуі мүмкін. Яғни, шешім әр жағдайды жеке қарастырылу арқылы шығарылады. Егер сіз сау болсаңыз, міндетті бөліктің барлық параметрлеріне сай келсеңіз және «иә» деп жауап берген сұрағыңыз тек бір жынысты секс болса, қорықпай қан тапсыра беріңіз. Өзіңіздің денсаулығыңызға ғана пайда әкеліп қоймай, басқа адамдардың өмірін сақтап қалуыңыз әбден мүмкін.

Пікірлер

Log in or register to post comments

Или войти через: