close

You are here

Сұхбат 1. Пони Валиханова тікелей эфирде

01 September 2020 648

Проект "Пони Валиханова" осуществлялся на грант PlanetRomeo Foundation в 2018-2019 гг. PlanetRomeo Foundation поддерживает молодые организации и инициативные группы в странах и регионах, в которых наиболее серьезно нарушаются права ЛГБТ-людей.

 

Kok.team редакциясы «Пони Валиханова: Мен осындай Қазақстанда өмір сүргім келеді» атты жаңа жобаны бастады. Әр жексенбіде біз YouTube каналымызда тікелей эфирге шығып, сізбен ЛГБТ адамдарының Қазақстанда қалай өмір сүретінін талқылаймыз. Бүгінгі шығарылымда біз бұл қандай жоба, кім үшін және қаражатты қайдан алатынын айтамыз.

Жоба құрылымы

Бұл 7 ай ішінде әртүрлі тақырыптағы 30 онлайн-трансляция. Оқу кейде қиын болғандықтан, біз ЛГБТ адамдарының Қазақстанда қалай тұратындығы туралы сөйлесуге мүмкіндік алу үшін тікелей эфир форматын қолдануды жөн көрдік.

Қандай тақырыптарды талқылаймыз? Мысалы, Шымкент қаласының әкімі гей-шерулерге рұқсат береді ме, «Нұр Отанға» лесбияндар баруға бола ма, АИТВ-ға және басқа да ауруларға арналған сиқырлы дәрі бар ма, және жыныстық қатынас қауіпсіз бола алады ма. Сондай-ақ бізде «Камингаут джихад ретінде» атты өте қызықты тақырып бар. Біздің ойымызша, «Неге сен жынысты өзгерте алмайсың» тақырыбы қызықты болады, онда трансгендерлікке қатысты аңыздар туралы сөз қозғалады.

Барлық кездесулер бір форматта өтеді: 20 минут - редакторлардың әңгімесі және 20 минут - сұрақтарға жауап беру, көрермендермен сұхбат, олар да өз пікірлерін өздері бірге талқылай алады.

Эфирден кейін 

Тікелей эфир біткен соң жобаның оффлайн бөлігі басталады. Біз аудио форматты мәтінге аударамыз. Содан кейін орыс тілінен қазақ тіліне немесе керісінше, егер қазақ тілді қонақтар болса, аударма жасалады. Яғни біздің әңгімелеріміз мәтін түрінде екі тілде қол жетімді болады.

Қаржыландыру көзі

PlanetRomeo танысу сайты жанындағы PlanetRomeo Foundation қоры жас ЛГБТ бастамаларын, әсіресе бұрын қаржыландырылмаған бастамаларды қолдайды. Барлығы 3500 еуро алдық. Біз бұл ақшаны 7 айға, дәлірек айтқанда 30 эфирге бөлеміз. Спикерлердің ақысы, техникалық қолдау, SMM, қазақ тіліне аударма, мәтінді декодтау, дизайнердің жұмысы, жобаның менеджменті сияқты шығындар бір эфирге шамамен 120 евроға жуық болады.

Сұрақтар мен жауаптар

1. Интернет өшірілсе не істейміз?

VPN қолданыңыз. Біз ФБ-де ақысыз VPN сілтемесін ұсындық. Барлақтарыңыздан интернеттегі кедергілерді айналып өту жолдарын бөлісуді сұраймыз.

2. Қазақ тілінде сөйлейтін спикерлер болады ма?

Біздің шаұырғымыз келетін спикерлер тізімінде олар бар. Олар пікірталастарға қатысуға келіседі деп үміттенеміз. Олардың барлығы ашық емес. Түкелей эфирді дауыстық хабармен өткізу мүмкіндігін қарастырудамыз. Сіз адамның бет-бейнесінсіз форматқа қалай қарайтындыңығыз туралы бізге жазыңыз.

3. Келесі эфир қандай тақырыпта өтеді?

Эфир тақырыбы: «Шымкенттегі гей шеруі. Қашан?». Біз сіздерді дәл бір аптадан кейін ата-әжелеріңізбен, ата-аналарыңызбен, балаларыңызбен және немерелерізбен күтеміз.

Қосылыңыз - сөйлеміз!

Пікірлер

Log in or register to post comments

Или войти через: