close

You are here

Сұхбат 5. Каминг-аут жиһад ретінде

01 September 2020 606

Каминг-аутты шкафтан шығу деп  сөзбе-сөз аударуға болады. Бұл біз басқа адамдарға  өзіміздің жыныстық ориентациямыз және / немесе гендерлік сәйкестігіміз туралы хабарлауымыз. Алғашқы каминг-аутты жасау өте қиын. Бұл реакцияны күту қорқынышымен байланысты, сондықтан адамдар ұзақ уақыт кімге бірінші ашылатынын таңдайды. Кейінгі шыкаминг-ауттар жеңілірек болады, дегенмен олар адреналинге толы.

Каминг-аут - бұл адамның өмірініне ғана емес, бүкіл қоғам үшін оқиға. Сондықтан оған ерекше талаптар қойылады. Мысалы, кейбір адамдар үшін өз құрбысына камингөат жасау есептелмейді, олар үшін толыққанды каминг-аут - барлық адам еститіндей етіп жариялау, “Хабар” арқылы жарияласа одан да жақсы болады. 

Біз бұл талаптың қисынсыз екенін түсінеміз, өйткені Хабарды да барлық адамдар қарамайды, демек сіздің каминг-аут туралы білмейтін адамдар әлі де болады, сондықтан сіз шығуыңызды қайта-қайта қайталауға тура келеді. Біздің ойымызша, ең жақын құрбыңызға деген каминг-аут та - толыққанды нағыз каминг-аут. 

Мәселе мынада: әр адамдар әр түрлі нәрсені білдіруі мүмкін. Қарама-қайшылықты жою үшін біз көпшіліктің алдындағы каминг-аут пен ашық каминг-аут арасын айырмашылықты толықтай түсіну керек. Мысалы, қыз ашық лесбиян болуы мүмкін, өзінің сексуалдық бағдарын жасырмайды, бірақ ол туралы халық алдында ешқандай мәлімдеме жасамайды.

Неліктен каминг-аут керек

Біріншіден, бұл өзімізге және біз ашылып айтайын деп жатқан адамдарға деген адалдық. Өміріміздің көп бөлігін жақын адамдардан үнемі жасыру керек болған жағдайда, біз мұндай қатынастарды шынымен жақын деп айта аламыз ба?

Екіншіден, сіз екі жақты өмір сүруіңіз керек, үнемі сылтаулармен сөйлесіп, өз өтірігіңізді еске түсіріп, содан кейін оны қайта-қайта қайталап, өзіңізді ұстап бермеуіңіз керек.

Үшіншіден, көптеген адамдардың әңгімелері мен істері романтикалық қарым-қатынас маңында айналады, себебі біздің қоғам сондай. Егер сіздің жақын адамдарыңыз сіз туралы ештеңе білмесе, сізге ыңғайсыз сұрақтарға жауап беру керек, өтірік айту, сізді біреумен таныстыруға тырысудан бас тарту және т.б.

Төртіншіден, каминг-аут - ЛГБТ фобиясымен күрестегі біздің саяси қаруымыз. ILGA былтырғы зерттеуі бойынша, ЛГБТ фобиясы негізінен ЛГБТ адамдарының қоғамның үлкен бөлігіне көрінбейтіндігіне байланысты және қоғамның бұл бөлігі бізді қорқынышты келімсек деп санайды. Егер барлық қазақстандық  1,5 миллион ЛГБТ адамы кем дегенде 10 рет каминг-аут жасаса, онда біз 15 миллион адамды қамтамыз, яғни барлық дерлік Қазақстан. Яғни олардың барлығы  балалары, немерелері, ата-әжелері, тәтелері мен ағалары, көршілері мен әріптестері және т.б. ЛГБТ адамдары бар екендігін біледі. Осылайша гомофобияға орын болмайды.

Дисклеймер: Егер сіз әлі 18-ге толмаған болсаңыз немесе 18-ге толған болсаңыз, бірақ сіз әлі де ата-анаңызға өте тәуелді болсаңыз, онда каминг-аут жасауды ұсынбаймыз, себебі бұл сізге қауіпті болуы мүмкін.

Аутинг

Кейде кейбіреулер бұл туралы басқаларға айтұандыұтан, сіздің жыныстық ориентацияңыз немесе гендерлік ерекшелігіңіз туралы белгілі болады. Бұл аутинг деп аталады. Яғни өзіңіз шкафтан шықпадыңыз, бірақ сізді сол жерден тартып  шығарып жіберді. Бұл қолайсыз мінез-құлықтың сирек кездесетін түрі болып көрінетін сияқты, бірақ біз барлығымыз басқаларға үнемі осылай жасаутынымызды мойындауымыз керек. Мысалы, біздің достарымыз біздің басқа достарымызды кездестіргілері келгенде және оның кім екенін білгісі келгенде.

Этикалық тұрғыдан ақтауға болатын аутинг мысалын келтіруге болады. Мысалы, ЛГБТ адамдарының өмірін құртуға тырысатын жоғары дәрежелі шенеунік немесе саясаткер бар: ЛГБТ адамдарын өз құқықтарынан айыратын заңдарды насихаттайды, баспасөзде ЛГБТ адамдарына қарым-қатынас жасау, түрмеге түсіру немесе өлтіру керек деген және т.б. жағдайларды айтады. Сосын біз оның гей екендігінің дәлелдерін білеміз. Оны тоқтату үшін аутингті пайдалануға құқығымыз бар ма? Қарапайым қисын бар, адам ЛГБТ адамдарының өмірін құрғысы келеді, өзі ЛГБТ бола тұра, таза болғысы келеді. Жоқ, шынымен! Бізбен бірге болуы керек.

Тағы бір мысал. Мысалы, бір гей жігіт басқа гейлерді тонайды. Алдымен ол оларды жыныстық қатынас немесе қарым-қатынас үшін кездестіреді, содан кейін полицияға барудан қорқатынын біліп, оларды тонайды. Бұл жағдайда адамды сыртқа шығару керек пе? Бұл жағдай билік басындағылар сияқты қарапайым емес. Бұл қазірдің өзінде бүкіл қоғамға қауіп төндіру емес, бұл қылмыстық кодекстің бұзылуы. 

Жалпы, аутинг те, каминг-аут та - бұл ЛГБТ өмірінің екі жағы, олар  өте күрделі және көптеген пікірталастар мен сұрақтар туғызады. Алайда, әңгіменің басына қайта оралып, неліктен каминг аут - жиһад деген сұраққа жауап берейік.

Каминг-аут жиһад ретінде

Исламда жиһадтың екі түрі бар: шағын және үлкен. Шағын жиһад дегеніміз - иман келтірген адамның мұсылман елін, егер оған шабуыл жасалса оны қорғаудағы әрекеті. Жиһадтың екінші түрі - ұлы немесе жүректің жиһады. Бұл адамның жан дүниесіндегі күнәмен күресу, іштегі сенімсіз адаммен күресу. Ұлы жиһад шағын жиһадтан гөрі маңызды деп есептеледі.

Осы ұқсастық бойынша каминг-аутты шағын және ұлы деп бөлуге болады. Шағын каминг-аут - бұл өзіңіз туралы басқа адамдарға: туыстарыңызға, достарыңызға, әріптестеріңізге немесе бүкіл қазақстандықтарға “Қазақстан ақиқаты” арқылы айтылған оқиға. Бірақ шағын каминг-аут тек бірінші, ең бастысы - ұлы каминг-аут болғаннан кейін ғана  мүмкін болады. Осы сәтте өзін-өзі қабылдамауды, өзіңізді қорқыныш, ұят және күмәнмен азаптауды тоқтатасыз. Жүректің ұлы каминг-ауты - оның мәнін қабылдаудың кереметі.

Пікірлер

Log in or register to post comments

Или войти через: