Алматылық «Community Friends» ҚҚ ер адамдармен жыныстық қатынасқа түсетін ер адамдар (МСМ) арасында АИТВ инфекциясының алдын алу жобасын бастады. Қордың жұмыскерлері Қалалық ЖИТС Орталығының достық кабинеттеріне жолдамалар береді. Сонымен қатар аутрич жұмыскерлер АИТВ және жыныстық жолмен тарайтын инфекциялар туралы консультация жүргізеді, ЖИТС орталығына жолдамалар беріп, презерватив және гель-лубриканттарды тегін таратады.
«Community Friends» барлық жүгінгендерге жылы ілтипат пен құрметке негізделген қызмет көрсетуге кепілдік береді. Қордың жұмысы құпиялылық және теңдік құндылықтарының негізінде жүргізіледі. Community Friends ұраны: «Өз АИТВ статусыңды біл».
Қордың жұмыскерлерімен келесі телефондар арқылы хабарласуға болады:
+7 707 935 6434 – Святослав Суслов – жоба координаторы,Facebook және ВКонтакте парақшалары
+7 777 245 2008 – Рахат Кудагельдинов – қазақша сөйлейтін аутрич-жұмыскер
+7 747 715 84 40 - Виталий Кисляков - қазақша сөйлейтін аутрич-жұмыскер
Қосымша ақпаратты «Community Friends» ҚҚ ресми сайты арқылы немесе қордың Facebook және ВКонтакте парақшаларынан таба аласыз.
МСМ арасындағы АИТВ инфекциясының алдын алу жобасы Ғаламдық қордың грантының шеңберінде жүзеге асырылады.