close

You are here

26 May 2021258

Біздің балаларымыз. Гейлердің, лесбиандардың, бисексуалды балалардың ата-аналары қоятын сұрақтар. 2 бөлім

Мәтіннің түпнұсқасы: PFLAG
Мәтін аудармасы: info.gej.ru
Иллюстрация үшін алғысымызды айтамыз: Yernar

Менің балам өзгерді ме?

Бала өскен сайын ата-ана өз ұлының немесе қызының талғамы, хоббиі, тілек-мақсаттары туралы бәрін білемін деп ойлайды. Сіз түгелдей білемін деп ойлаған балаңыз кенеттен өзінің гомосексуалдығы туралы мәлімдеген кезде, сіз сөзсіз көңілсіздік сезіп, есеңгіреп қаласыз. Сіздің арманыңызда оның кім болатыны, не күтіп тұрғаны және оның жетістіктері туралы көрініс бар. Бұл арман - сіздің өміріңізден туындады, сіз оған өзіңіз қалаған, бірақ қол жеткізе алмаған арман-мақсаттарыңызды тілейсіз. Бұл арман - сіздің жеке тұлғаңыздың бір бөлігі. Айналада гомосексуалдардың көп болғанына қарамастан, бүкіл мәдениет- сіздің арманыңызда баланың "қалыпты" сексуалды бағыты болуына ықпал етеді. Сондықтан сіздің есеңгіреп және абыржып қалуыңыз түсінікті, себебі сіз үшін маңызды нәрселердің бірін жоғалттыңыз: сіз балаңызға басты рөл жүктелген арманыңызды жоғалттыңыз.

 Сондай ақ, сіз өзіңіздің балаңыз туралы бәрін білемін деген иллюзияны жоғалттыңыз. Бір сәттің өзінде көп нәрсені жоғалттыңыз, солай емес пе?

Бірақ ойлап көріңізші, барлық балалар ерте ме, кеш пе ата-аналарына сексуалды бағытына қарамастан тосын сый жасайды. Балалар ата-аналары қарастырып қойған адамдарға үйленбейді, олар ата-анасы қалаған мамандықпен жұмыс істемей, ата-анасы қалаған қалада тұрмайды. Олар өз ата-анасының санасындағы өздері туралы бейнені бұзу үшін жаралғандай. Егер сіздің ұлыңыз болса, оның "дәстүрлі емес" сексуалды бағытпен болғанша, оның сүйікті емес келінмен болғанын жөн көресіз - біздің тәрбиеміз осындай. Бірақ бұл сіздің ұлыңыз! Оның сексуалды бағыты қандай болса да, кешегі ұлыңыз еш өзгерген жоқ. Ол бұрынғыдай болып қала береді, сіз жай ғана оны басқа қырынан таныдыңыз. Сіздің балаңыз еш өзгерген жоқ. Сіз және сіздің ол туралы көзқарасыңыз өзгерді және енді сіз осы жаңа көзқараспен өмір сүріп  үйренуіңіз керек. Егер сіз балаңызды жақсы біліп, түсінгіңіз келсе-сіз өзгеруге талпыныңыз.

Бұл мәтіндер Patreon қауымдастығының жинаған ақшасының көмегімен аударылған. Егер қазақ тіліндегі мәтіндердің көбірек болғанын қаласаңыз, бізге Patreon-да қолдау көрсетіңіз.

Пікірлер

Log in or register to post comments

Или войти через:

You are reporting a typo in the following text:
Simply click the "Send typo report" button to complete the report. You can also include a comment.