close

You are here

26 May 2021562

Біздің балаларымыз. Гейлердің, лесбиандардың, бисексуалды балалардың ата-аналары қоятын сұрақтар. 3 бөлім

Мәтіннің түпнұсқасы: PFLAG
Мәтін аудармасы: info.gej.ru
Иллюстрация үшін алғысымызды айтамыз: @sweetnothing1401

Неліктен ол бізге бұл туралы айтты?

Кейбір ата-аналар, егер өз баласының бағыты туралы білмесе, өміріміз тыныштау болар еді деп ойлайды. Ал кейбір ата-аналар баласының гомосексуалды екені туралы фактты жоққа шығарып, оны және ең алдымен өзін бұл жай уақытша құбылыс екеніне сендіреді. Кейбір ата-аналар баласының осындай сырын мүлдем елемейді де.

"Жарайды-жарайды, кешкі асыңды ішесің бе?" деп қоя салуы мүмкін. Терең қабылдамауға тырысады: "қалағаныңдай өмір сүр, тек мен сенен енді осындай азғындықты естімейтін болайын". Бұл алғашқы реакция кезінде қалыпты құбылыс. Бірақ егер сіз балаңыздың сексуалдық бағыты туралы шындықты білмесеңіз, балаңыздың өмірінің үлкен бөлігі туралы білмеген боласыз. Демек, танымай өтесіз. Сіз оны ешқашан шынайы білмес едіңіз және сіздердің араларыңызда түсіністіктің орнауы мүмкін емес болар еді.

Балаңыздың гомосексуалды екенін түсініп, қабылдау өте маңызды. Иә, көптеген жасөспірімдер өздерінің сексуалдығымен тәжірибе жасайды, яғни, ұлдармен немесе қыздармен байланысқа түседі. Егер сіздің балаңыз сізге мойындау туралы шешім қабылдаса,  демек, бұл енді жай тәжірибе емес, бұл жай даму кезеңі емес. Бұл сіздің балаңыздың өзін-өзі тану кезіндегі ұзақ әрі ауыр жолдан өткендігін көрсетеді. Сондықтан өзіңізге: "мүмкін бұл өтіп те кетер?" деген сұрақты қоюдың керегі жоқ. Егер ол бұл туралы сізге айтса, бұл нәрсе өтіп кетпейді.

Бала қоғамның гейлер мен лесбиандарға деген көзқарасына қарамастан, стереотиптерге қарсы тұрып, өзінің бағытын мойындауды жай әзіл немесе ойластырылмаған қадам ретінде жасау, ол үшін өте қауіпті екенін түсінеді.

Егер сіздің ұлыңыз немесе қызыңыз сізге шындықты ашқан болса, демек, ол сізге деген сүйіспеншілігін көрсетті және сіздің қолдауыңызға мұқтаж. Бұл қадам үшін үлкен ерлік керек. Бұл қадам балаңыздың сізбен ашық және адал қарым-қатынас іздейтіндігін көрсетеді. Бұл керемет емес пе? Себебі, сіз балаңыздың өз қиялыңыздағы бейнесін емес, балаңыздың өзін жақсы көре аласыз.

Неліктен ол бізге бұл туралы ертерек айтпады?

Көбінесе балаңыздың неге бәрін қазір айтып жатқанын түсіну қиын, өйткені ол өзінің сезімі мен тілектері туралы бірнеше айлар, тіпті бірнеше жылдар ойланды. Кейбіреулері мұны сенімсіздіктің белгісі деп санайды және баласының шынайы өмірінен алшақтап кеткеніне қатты алаңдайды. Алайда, бұл олай емес. Ерте ме, кеш пе, әр бала, ол гомосексуалды болсын немесе "натурал" болсын, өз бетінше шешім қабылдап үйренеді. Бұл баланың өсуінің қалыпты кезеңі. Сіз балаңыздың қанша құпиясы бар екенін елестете де алмайсыз, оның қаншамасын сіз ешқашан біле алмайсыз! Бұл қалыпты жағдай. Сіздің балаңыз сізге ұзақ уақыт бойы өзінің сексуалды бағыты туралы айта алмағаны, оның құпиялы екенін білдірмейді. Өте көп жасөспірімдер, ерте жасынан бастап өздерінің өмірінде бір нәрсенің "дұрыс емес" екенін түсінеді, бірақ ұзақ уақыт бойы ненің "дұрыс емес" екенін сөзбен айтып жеткізе алмайды. Бала бұл нәрсенің не екенін түсінгенде, ол өзінің шынайы тілектеріне көз жеткізу қажеттілігі пайда болады.

Біздің қоғамда гомосексуализм туралы стереотиптер басым болғандықтан, көптеген гейлер (мүмкін тіпті барлығы) өздерінің «өзгешелігіне» деген жеккөрушілік кезеңінен өтеді.

Ең алдымен бала өзін және өзінің сексуалдық бағытын қабылдауына, кейін ата-анасына бұл туралы айтуға батылдық жинау үшін өте ұзақ уақыт кетеді.  Егер сіз, ұлыңыз немесе қызыңыз өзінің сексуалдық бағытын жасырады деп күдіктенсеңіз де, осы кезеңде көмектескіңіз келсе де, посткеңестік елдерде жыныстық тақырыпта ашық сөйлесу әдетке айналмағанын ұмытпаңыз. Сіздің "осы сен гей емессің бе?" деген сұрағыңызға ұлыңыз теріс жауап беруі мүмкін және сізге мойындау мүмкіндігін қолданбауы мүмкін. Сексуалдыққа қатысты "сұрама-айтпа" деген қағида біздің санамызда өте қатты сақталған. Егер сіз балаңыздың гомосексуалды екені туралы күмәндансаңыз, жай ғана балаңызбен ашық және адал ара-қатынас орнатып көріңіз. Сіздің ұлыңыз немесе қызыңыз сіздің түсіністігіңізді көргенде және сіздің махаббатыңызға көзі жеткен кезде, ол міндетті түрде бұл қиын, бірақ керекті шешімге барады, яғни, өзінің сексуалды бағыты туралы мәліметті ашады.

Бұл мәтіндер Patreon қауымдастығының жинаған ақшасының көмегімен аударылған. Егер қазақ тіліндегі мәтіндердің көбірек болғанын қаласаңыз, бізге Patreon-да қолдау көрсетіңіз.

Пікірлер

Log in or register to post comments

Или войти через: