close

You are here

26 May 2021917

Біздің балаларымыз. Гейлердің, лесбиандардың, бисексуалды балалардың ата-аналары қоятын сұрақтар. 9 бөлім

Мәтіннің түпнұсқасы: PFLAG
Мәтін аудармасы: info.gej.ru
Иллюстрация үшін алғысымызды айтамыз: @kozmic.bluez

Мен өз баламды қалай қолдай аламын?

Осы мақаланы оқуыңыз - балаңызға қолдау көрсетудің алғашқы қадамы. Сіз оны қалай бар болса, солай қалдырмай, керісінше, жағдайды түсінуге тырысқаныңыз көп нәрсені білдіреді. Сіз өзіңіздің жаңа ақпаратқа деген ашықтығыңызды, ерекше немесе әдеттен тыс нәрселерді түсінуге қабілеттігіңізді көрсетесіз. Балаңызды қолдай алу үшін, сіз таба алатын барлық ақпаратты қабылдауыңыз керек. Сіз өзіңіздің стереотиптеріңіз бен қате түсініктеріңізден айырылып және гомофобия жолындағы форпост бола аласыз. Себебі, біздің қоғамдағы адасушылықты жеңіп, айналаға тарату үшін сіздің балаңыздың басында туындайтын қиындықтардың алдын алу үшін керекті білімді ала аласыз.

Қалғанының бәрі оңай. Сіз жай ғана өзіңіздің балаңызды жақсы көруіңіз керек. Махаббат дегеніміз білімді, түсіністікті, қабылдауды және өзара жауапкершілікті білдіреді. Сіз алғашқы қадамды жасадыңыз. Ары қарай не істеу керектігін сіздің жүрегіңіз бен ата-аналық сезіміңіз айтуы керек. Себебі сіз балаңызды бәрінен де жақсы білесіз. Мүмкін сіздің қызыңызға немесе ұлыңызға жай ғана өз сезімдері туралы сөйлесу керек шығар. Әр түрлі өмірлік жағдайларыңызда не сезгеніңіз туралы әңгіме пайдалы болар. Немесе, сіз өзіңіздің мәселелеріңізді қалай еңсеретініңіз туралы әңгіме болуы мүмкін. Қалай болғанда да, бұл сіздер үшін қызықты кезең. Сіздің алдыңызда сіз бұрын соңды білмеген бүтін бір әлем ашылып жатқанын сезінесіз. Алдымен сіз балаңыздың  жаңа, ерекше жеке қасиеті туралы танып, білесіз. Кейін, сіз оның өміріне біртіндеп араласасып, достарымен таныса бастайсыз. Сіз бұл адамдардың басқалардан еш айырмашылығы жоқ екенін түсінесіз. Ең бастысы, сіз балаңызбен тығыз және сенімді қарым-қатынасты сақтай аласыз.

Бұл мәтіндер Patreon қауымдастығының жинаған ақшасының көмегімен аударылған. Егер қазақ тіліндегі мәтіндердің көбірек болғанын қаласаңыз, бізге Patreon-да қолдау көрсетіңіз.

Пікірлер

Log in or register to post comments

Или войти через: